Атырау-Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақ әуежайға оралуға мәжбүр болды

Бифат ЕЛТАЕВА

11.11.2020, 12:57

580

11 қараша күні Атырау - Нұрсұлтан рейсі кезінде бір топ ірі құс жоғары көтеріліп келе жатқан ұшаққа соғысты.

Scat әуекомпаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл «қаз не үйрек болуы мүмкін» дейді.

«Жас Алашқа»  жіберілген хабарламада «Әуекемесінің командирі Иван Карпович ұшу портына оралу туралы шешім қабылдады. Ұшақ штаттық режимде қайта қонды, тұраққа өзі жетті» делінген.

Сонымен қатар бортта 115 жолаушы болған, бірақ ешкім зардап шекпеген. Рейс тоқтатылып, жолаушылардың жартысының билеттері басқа күнге ауыстырылса, ал қалғанына билет құны толықтай қайтарылған.

Сондай-ақ «Әуекемесінің командирі Иван Карповичтің тәжірибелігі және экипаждың бірлескен жұмысы арқасында ұшақ штаттық режимде қонды» делінген Scat әуекомпаниясының баспасөзі мәліметінде.

Осы орайда, Әуекомпаниясы ұшқышты медальға ұсынуды жоспарлап отыр. 

Құстардың ұшаққа соғысуы әлі күнге дейін компания қызметкерлерін алаңдатқан басты мәселенің бірі болып отыр. Мәселен, бұл жағдай бір емес бірнеше рет қайталанған. Осы тектес оқиғаның бірі  2014 жылы орын алған еді. DV-791 рейсін орындау кезінде ұшу жолағымен келе жатқан әуекөлігі құстардың соғысу салдарынан  ұшақтың алдыңғы бөлігі мен терезесі сынып, оң жақ винті зақымданған. Ұшақта 41 жолаушы мен 3 экипаж мүшесі болған.

Тегтер: ұшақ оқиға үшу жолағы әуе көмесі

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12.06.2021, 10:29
ҰБТ-ны алып тастау қажет — Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 12.06.2021, 10:20
«Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды – Олжас Ордабаев
Еламан СЕРІК 11.06.2021, 12:07
Мектептерде парақор директорлар әлі отыр
Сайт әкімшілігі 11.06.2021, 10:49
«Жастар-Отанға!» 5 бағытты қамтиды
Еркежан АРЫН 11.06.2021, 10:23
Қазақстан БҰҰ-ның экологиялық бастамасын қолдайды
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 11.06.2021, 09:02
Егемендік халыққа не берді?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02