Атырау облысы Төтенше жағдайлар қызметі көрші облыстарға көмек қолын созуда

Сайт әкімшілігі

05.04.2022, 22:38

803

Биылғы көктем батыстықтар үшін оңайға тимей тұр. Қыстай сірескен қар, күннің күрт жылынуынан сай салаға ағып, су тасқыны қаупін тудырып отыр. Сондықтан Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары елді мекенді еріген қар суы басуына байланысты көмек көрсету үшін Батыс Қазақстан облысына көмекке ұмтылуда. 

Мәселен үшінші сәуір күні Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник А.А. Ержановтың басшылығымен Департаменттің күштері мен құралдары елді мекенді еріген қар суымен басуына байланысты көмек көрсету үшін Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Жақсыбай поселкесіне арнайы жетті. Келесі күні Департаменттің 25 қызметкері Деркөл поселкесінің Деркөл өзенінің жағалауын бекіту бойынша жұмыстарына жұмылдырылды. Жақсыбай кентінде 6 құтқарушы су басқан үйлерден мотопомпамен су сору жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта 5 үйден 18 куб су сорылды. Сонымен қатар, құтқарушылар моторлы қайықпен каналдың арғы жағында қалған тұрғындарға азық-түлік тасымалдады.

 "Қазавиақұтқару" АҚ күшімен Жақсыбай кентінен Орал қаласына 2 жүкті әйел эвакуацияланды, олар туыстарының үйлеріне орналастырылды. Қол көмегін ғана емес, техникалық құрал жабдықтарын да ұсынған атыраулық төтеншеліктерде 49 қызметкер, "Қазавиақұтқару" АҚ экипажының 5 адамы, «МИ-8» 1 тікұшағы, 9 бірлік техника, 2 үрлемелі қайық, 12 мотопомпа бар. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің тәжірибелі мамандарының бұл көмегіне Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Жақсыбай поселкесінің тұрғындары да ризашылықтарын білдірді.

Қиын кезеңдерде бер жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білген төтеншелік мамандардың бұл бастамасы көңіл қуантарлықтай. 

Ерзия Ерсұңқар 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01