Атырау соғыс ардагерлеріне большевиктерді қосып жіберді

08.05.2019, 20:25

55

Атырау қаласындағы Жеңіс күніне арналған мерекелік шаралар бүгін қаладағы «Христиан зираты» аталатын жердегі Ұлы Отан соғысына қатысқандарға және 1921 жылы Гурьев қаласында Кеңес үкіметінің орнату жолында күресіп қаза тапқандарға арналған ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. 1941-1945 жылы қанды майданда қаза тапқандар қандай құрметке де лайық, алайда, бұл мейрамға большевиктердің қандай қатысы бар еді? Шараға жауапты қалалық әкімдіктің ішкі саясат бөліміне сауалымызды қойғанмен, қалай жүгірсек те, жауабын ала алмадық.

Мәселенің мән-жайын түсіну үшін «Жас Алаштың» аймақтағы тілшісі Атырауоблысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Атырау облысытарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттікинспекциясына жүгінді.

— Христиан зиратында,негізінен, бір кездері Кеңес өкіметін орнату жолында қаза тапқандар жерленгенірас. Ал Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың мәйіті 2005 жылы сол жерге көшіріліп,қайта жерленген. Сөйтіп, арнайы обелиск орнатылып, ол тарихи-мәдени мұраларқатарына енді. Өздеріңіз білесіздер, соғыс кезінде Атырауда (ол кезде Гурьев. — вт.) эвакуациялық госпитальдар жұмыс істеген, қан майданда оқ тиіп, жарақаталғандар пойызбен соларға жеткізіліп отырған, — дейді мекеме басшысы Мұхамбетқали КИПИЕВ.

— Облыстың қорғауға алынған тарихи-мәдени ескерткішінде 1921 жылы қазатапқан большевиктер зираты жоқ екен, олай болса, оны неге көрсетіп отырмыз?

— Ол бар, алдын ала есепке алутізімі деген бөлек құжатта көрсетілген.

«Жас Алаш» тілшісі ұзақ жылдар бойы Ұлы Отан соғысы тақырыбын зерттеп, қазатапқандарды іздестіріп, түгендеумен айналысатын өлкетанушы В.К.Афанасьевпен десөйлескен едік.

— Шынымды айтайын, биылғышаралар жүйесіз дайындалған екен. Не болып, не қоятынын маған да соңғымезеттерде ғана хабарлап отыр. Сондықтан, христиан зиратына мен бүгін емес,кеше барып, Ұлы Отан соғысының құрбандарына тағзым етіп кеттім. Ал олардыңқатарына Совет өкіметін құрғандарды неге қосып қойғанын мен де түсіне алмадым.Олардың Жеңіс мейрамына еш қатысы жоқ, тіпті, сөзді, сұрақты көбейтіп,шаралардың қатарына қосудың да қажеті жоқ еді, — дейді Вячеслав АФАНАСЬЕВ.

Аймақта бұдан басқа жасалып жатқан шаралар аз емес. Мереке күндері құқыққорғау органдарының бірқатар қызметкері марапатталып, қызметтік міндеттерінатқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арналған мемориалдыескерткіш тақтасы ашылды. Мемориалды тақтаға қызмет бабында көз жұмған милициямайоры Асқар Бисекеновтің, жол полициясы басқармасының қатардағы қызметкеріНұрберген Өтемісов пен патрульді полиция сержанты Шалxар Ақымғалиевтың есімдеріжазылып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен, қызметтік міндеттерінатқару кезінде қаза тапқан сержант Шалxар Ақымғалиевқа 3 дәрежелі «Айбын»ордені берілді. Орденді полиция қызметкерінің анасына облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ табыстады. Бұл іс-шаралар әрі қарайжалғасын тауып, барлық ардагерлер ұлықталып жатыр. Тек ұйымдастырушылардыңтарихқа жете үңілмеуінен туған олқылықтың соның бәріне көлеңкесін түсіріп,жуып-шаюға шақ қалғаны өкінішті.

Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:45
Бір тәулікте 689 адам коронавирус жұқтырды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 30.11.2020, 16:17
Адам өміріне араша түскен полицейлер марапатталды
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 13:59
"ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 11:53
COVID-19: 222 адамның жағдайы нашар
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 10:22
Коронавирустан 900-ден астам бала емделіп жатыр
Бифат ЕЛТАЕВА 30.11.2020, 09:56
Туған баласынан безінетіндер неге көбейіп кетті?!

Аңдатпа


  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05