Атырау жастары жолдауды қолдайды

12.10.2019, 19:08

4


Атырау облысына жұмыспен сапарлап барған премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев өңір жастарымен жәнемұғалімдеріменкездесті.  
Жиындыалдымен сөйлеген Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин Атырауоблысында мемлекеттік бағдарламалар ойдағыдай жүріп жатқанын айтып өтті. Алкездесуде төбе көрсеткен жастар жастар саясатына шенділердің назарын аудартып,мемлекет қолдауын сөз етті. Мәселен,  президенттапсырмасымен 2020 жыл «волонтерлер жылы» боп жарияланғанымен  бұл қатарға колледж студенттері кіре алмайды.
Осы мәселені естіген Бердібек Сапарбаев  Білім және ғылым министрлігі өкілдеріне дереутапсырма беріп, «елбасы жастар саясатын дамытуға үнемі көңіл бөліп келді» деді. 

Вице-премьер Волонтерлер жылы Жастар жылының логикалық жалғасы деп атап өтті.
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев та өз білгенін айтып қалды.  

– Волонтерлар қозғалысы – бұл борыш, оны ықыласпенатқару керек. Өзіңді жылыту арқылы өзгелерге сәуле сыйла, қайтарымын күтпедеген сөз бар. Атырауда негізгі қызметі бар, бірақ бос уақытында жедел жәрдемгебарып, адамдарға көмектесетін жігіт бар. Нағыз волонтерлық – осы,– деп Нұрлан Ноғаев дұрыс айттым бадегендей жан-жағына бір қарап алды.  

Кездесуге жиналғанстуденттер, жас кәсіпкерлер менволонтерлардыңбірі бизнестегі алғашқы қадамын айтса, енді бірі алғашқыжетістігімен мақтанды. Сапарбаев оларға арманға қол жетуіздемүмкіндікті жібермеу керек деді.   

Өскелең ұрпақтың мәселесін Бердібек Сапарбаев облыстықдарынды балаларға арналған ұлттық гимназия оқытушыларымен өткен кездесуде де қозғап,  тәрбие мәселесіне тоқталды.

– Отбасы тәрбиесі, мәдени, моральдық-адамгершілікқұндылықтарына қатысты да проблемалар бар. Мұны ашық түрде шешу керек. Осыбағытта педагогтердің көмегі керек– дедівице-премьер.

Ал дәл осыжиынға қатысқан  Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоспарын айтып салды.

Сөзіне сенсек, мұұғалімдер енді өздеріне сенімді болады. Жаңа заң жобасымемлекет басшысы қойған талапқа сап сай. Білім беру жүйесін дамыту, білімсапасын көтеру міндеттеріне жауап береді.


– Біз мұнда мұғалімдердің мәселелерін шешу үшінжиналдық. Мәселе – білім сапасында. Егер білім берусапалы болмаса, тәрбие процесі де болмайды, бұл бізге пайдалы ма?– деп сұрады Бердібек Сапарбаев. – Балаларымызды отансүйгіштікке, үлкендерді құрметтеуге, білім менеңбекке тәрбиелеуіміз керек.

Астанадан келген шенділердің бұл сөздеріне ешкім қарсы пікір айтпай, дұрысдесті.
Сондай-ақ, олар келген қонақтардан Атырау облысындағы жағдайда, атқарылыпжатқан жұмыс та жақсы деген баға естіді.  
Мұндай мақтауға ұяды ма, әлде, дайындаған сөзі ме, облыс әкімі

«Екі жыл бұрын облыстық бюджеттен мектеп түлектеріне 221 грант бөлінді.Оның 176-сы білім беру саласында, өткен жылы 150-ден астам грант берілді.Бірақәлі күнге дейін бастауыш сыныптар мен орыс тілі мұғалімдері жетіспейді. Бұл проблема шешіледі.Үш ауысымдық мектептермәселесін шешу үшін 9 мектеп салуымыз керек. Биыл 2 мектеп салдық. Алтымектептің құрылысы жүріп жатыр. Үш мектептің жобалау-сметалық құжаттамасыжасалуда»деді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 17.09.2020, 11:16
Кәдеге аспаған диплом
Б. НҰРЛЫБАЕВ 17.09.2020, 11:03
Бар кінә өзімізде
Мариям МАҚСАТ 17.09.2020, 09:26
Жетімдердің жанайқайы мемлекет оларға қашан үй береді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:10
«Тұрмысты түзейді»
Сайт әкімшілігі 16.09.2020, 15:53
Қазақстандықтардың қарызын кешіру ұсынылды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04