Атырауда 27 субұрқақ жұмыс істемей тұр

08.06.2018, 13:30

257

Жаздың аптап ыстығы басталғанмен Атырау қаласының әкімдігіне қарасты 27 субұрқақ істен шыққан. Бұл туралы zhasalash.kz сайтының аймақтағы тілшісі хабарлайды.

-Бұл субұрқақтар 2004-2006 жылдары салынған, қазіргі күні тозып, істен шықты. Олардың ішінен Исатай-Махамбет алаңында орналасқан 11 субұрқақты жасауға демеушілер іздеп жатырмын. Тағы тоғыз субұрқаққа қаражат бөлінбек. Қалған ұсақ субұрқақтар осы шаралар біткеннен кейін барып қолға алынады, — дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі өндірістік-техникалық секторының жетекшісі Ақесен ИБРАГИМОВ.Қалалық құрылыс бөлімінің маманы Батыржан МҰСАҚАЕВТАН білгеніміз, аталған жеті нысандағы тоғыз субұрқақтың құрылысына 1 млрд.73 млн.теңге жұмсалмақ. Бұл жұмысты жүзеге асыратын мердігер мекеме әлі анықталмаған. Ал жобалық-сметалық жұмыстарын Орал қаласының «AB Engineering» компаниясы жүзеге асырыпты.Пайдалану мерзімі өтіп, жарамсыз бола бастаған субұрқақтар бастан аяқ қайта салынбақ. Оларға жарық шашып тұруы, әуен ойнап тұруы, балалардың ойнауына қолайлылығы сияқты жаңаша талаптар қойылып отыр екен. Бұлардың ішінен тарихи-мәдени ескерткіш болып табылатын Тұрғын үй қалашығы Мәдениет үйінің алдындағы субұрқақтағы әйел мен ер адамның мүсіні ғана қалдырылады. Бұған дейін субұрқақтарды салуға тендер жариялануы себепті бұл шараның жүзеге асуы ұзақ уақыт алып келеді. Екі ортада жаз мезгілінде салқын судың аясында саялайтын орынның жоқтығынан тұрғындар қиналып отыр.Абырой болғанда, жеке мекемеге бекітілген бекітілгендер ведомостволық шағын субұрқақтар әр тұстан су атқылап, жұмыс жасап тұр. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі олардың нақты саны жүргізбейтін болып шықты.-Субұрқақтар салынып біткенше әлі көп уақыт бар. Сондықтан, келесі аптадан бастап  қаланың алты жеріндегі субұрқақты уақытша іске қоспақпыз, -деп мәлімдеді Ақесен Ибрагимов. Фотолар автордікі.МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 03.12.2021, 11:30
Инстаграмның жетегінде кетпейік
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 10:30
Халыққа бермеудің амалы ма? Зейнетақы жинағын алу: жеткілікті деңгей екі есе өседі
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 08:44
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 12:44
Kaspi.kz мобильді ақша аударымына байланысты сұрақтарға жауап береді
Сайт әкімшілігі 01.12.2021, 13:00
Шымкентте жалдамалы пәтерден 22 жасар қыздың мәйіті табылды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 01.12.2021, 09:20
Қазақ-түрік лицейлерінің орнын немен толтырамыз?

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00