Атырауда 4 мың бала қызылшаға қарсы екпеден бас тартты

04.02.2019, 23:01

4

Атырау облысында екі сәбидің жұқпалы аурулар ауруханасында бірінен кейін бірінің көз жұмуы тағы да шу туғызды. Екі оқиға да 29 қараша күні орын алған. Қыршын кеткен нәрестенің бірі екі айлық – Мақат ауданынан, екінішісі – екі жаста, Доссор поселкесінен келген. Қайғылы жағдайға әкеп соқтырған диагоздар медициналық сараптама нәтижесінен кейін белгілі болмақ. Әзірге облыстағы денсаулық сақтау саласының мамандары Атырауда белең алып кеткен қызылша дерті мен оған қатысты жағдайға түсініктеме берді.[caption id=«attachment_24148» align=«alignnone» width=«696»]Автор ұсынған фото[/caption] — №2 облыстық ауруханада бір жүз он бір бала емделді. Бүгінгі күні отыз бала ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы тұрақты. Жалпы алғанда, иммунды ферментті зертхана арқылы қызылшаның елу төрт жағдайы расталды, — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының Ана мен баланы қорғау бөлімінің басшысы Ұлжан МҰХТАРОВА. Дәрігерлер қызылшаға көбінесе екпенің уақытылы салынбауы әсер етіп отырғанын айтып, ата-аналарды кезекті мәрте вакцинадан бас тартпауға шақырады. Себебі, осы көрсеткіш бойынша тіркелген балалардың тоқсан пайызы екпе алмапты. Сол сияқты, екпе алу жасына жетпеген, иммунитеті қалыптаса қоймаған сәбилер де ауырған. Айта кетейік, қызылшаға қарсы екпе бір-алты жас аралығында егіледі. — Медициналық себептер бойынша вакцинациядан өтпегендер бар, бірақ көбінесе өздері бас тартады. Соңғы деректер  бойынша алты жасқа дейінгі 4144 бала екпеден бас тартқан. Биыл біз отыз мыңнан астам адамға егуіміз керек. Бірінші тоқсанда 4,7 мың адамды егу жоспарланған. Бұл жұмыс жүргізілді. Аурулардың артуына байланысты қосымша жеті мың доза вакцина сатып алуға өтінім жасадық, — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлнар ТАҢБАЕВА.  Статистикаға жүгінсек, облыста отыз жасқа дейінгі сегіз мыңнан астам адам қызылшаға қарсы егілмепті. Дегенмен, ақ халаттылар қызылша ауруы көрсеткішінің төмендегінен айтып отыр.Фото: inform.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34