Атырауда 800 миллионға жөндеуден өткен театр өртенді

22.08.2019, 14:00

147


Атырауда Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театры өртенуде. Облыстық төтенше жағдай қызметі хабарлағандай, өрт туралы сигнал сағат 13.30-да келіп түскен, қазір ғимарат ішіндегі электр қалқаны тұтанғаны белгілі болып отыр.

«Осы жағдайға байланысты жедел штаб құрылды. Құтқару қызметінің елу адамы, 9 дана техника жұмылдырылып отыр. Себебін анықтағаннан кейін, ғимаратты қалпына келтіруге тырысамыз», — дейді оқиға орнына келген Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ. 

Айта кетейін, осыдан екі ай бұрын алты жүз орындық драма театры күрделі жөндеуден өтіп, тапсырылған еді. Бұл жұмысқа анау-мынау емес, 800 миллион теңге бюджет қаражаты жұмсалған. Бұған дейін де 2014 жылы театрдың қасбеті, 2006 жылы күрделі жөндеу жасалды. Осыншалық күш пен қаржыны қажет еткен драма театрының қанша шығын шеккені әзірге белгісіз.


Фотолар автордікі.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 03.12.2021, 11:30
Инстаграмның жетегінде кетпейік
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 10:30
Халыққа бермеудің амалы ма? Зейнетақы жинағын алу: жеткілікті деңгей екі есе өседі
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 08:44
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 12:44
Kaspi.kz мобильді ақша аударымына байланысты сұрақтарға жауап береді
Сайт әкімшілігі 01.12.2021, 13:00
Шымкентте жалдамалы пәтерден 22 жасар қыздың мәйіті табылды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 01.12.2021, 09:20
Қазақ-түрік лицейлерінің орнын немен толтырамыз?

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00