30.09.2020, 08:47
4782
Атырау облысында төрт блокбекет қойылды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.
«Облыстардың бас санитар дәрігерлерінің қаулыларына сәйкес екі өңірде төрт блокбекет (Атырау облысында) қойылды және екі санитарлық бекет (Ақтөбе облысында) қойылды. Полиция 299 карантиндік объектіні қоршауға алып жатыр Медициналық мекемелердің сұрауы бойынша байланыста болған адамдардың орналасқан жерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», — деді Тұрғымбаев Үкімет отырысында.
Сондай-ақ, министр ішкі істер органдары елдегі карантиндік режимді күшейтуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға дайын екенін айтты.
Ішкі істер министрінің бұл мәлімдемесіне қатысты Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі пікір білдіріп, аймақта қойылған 4 блок-бекет наурыз айынан бері жұмыс істеп тұрғанын айтты.
«Атырау облысының Жылыой ауданы Теңіз вахталық қалашығы аумағындағы төрт блок-бекет наурыз айынан бері тұр. Олар аталған ауданның бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қойылған болатын», — делінген хабарламада.
Әкімдіктің хабарлауынша, облыс аумағында одан басқа блок-бекеттер жоқ.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР