Атырауда «Бояу Фестке» бес миллион кетті ме?

27.09.2018, 19:40

5

Атырауда алғаш рет облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен және «Рауан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Boyau Fest 2018» жүгіру фестивалі өткізілді. Оған бес мыңға жуық адам қатысып, үш шақырым қашықтықты жүгіріп өтті. Әрбір бес шақырым сайын жүгіріп бара жатқандардың үстіне еріктілер қызылды-жасылды бояу шашып тұрған. Осылайша, фестивальге Мәскеуден арнайы тапсырыспен алынған 400 келі бояу пайдаланылыпты. Ресми мәлімденгендей, бұл бояулар «жүгері крахмалынан жасалған, адамға және қоршаған ортаға зияны жоқ, сумен шайылып, желмен ұшып кететін, заңды түрде сертификатталған ұнтақ. Оның дәмін татып көруге де болады».БЕЙРЕСМИ АҚПАРАТ БОЙЫНША БҰЛ ШАРАҒА 5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН. АТЫРАУДАҒЫ ЖАС АЛАШ ТІЛШІСІ ОСЫҒАН ҚАТЫСТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНАН СҰРАҒАНЫМЕН ЖАУАП АЛА АЛМАДЫ. Облыстық дін істері жөніндегі басқарасы бұл шараның атауы өзгертілгенмен, Үндістанның Холи мерекесінің жоралғылары бойынша жүргізілетін алға тартып, өтуіне қарсы болыпты.Үнділік шығу тарихын тарқатсақ, Холика (атау осы есімнен шыққан) Хираньякашипу жындар патшасының апасы әрі өзі де жын болыпты. Бірде ол бауырының баласын өлтірмек болып, оны алдына алып, жанып жатқан оттың үстіне отырады. Сондағы сенгені – үстіндегі оттан қорғайтын жамылғысы екен. Бірақ, сиқырлы киімі үстінен сыпырылып түседі де, Холика баламен бірге тірідей өртеніп кетеді…-Бұл шараның дінге ешқандай қатысы жоқ, біз салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат тұттық. Келгендер көңіл көтеріп, мәз-мейрам болып тарқасты, — дейді облыстық жастар саясаты басқармасының бас маманы Әйгерім ҚҰРМАНБЕРЛИЕВА.-Мұны «қарыны тоқтық, жұмысы жоқтық» деп бағаламасқа шара жоқ, пұтқа, сиырға табынатын діні басқа елдің рәсімін бізге әкелудің неге қажет болғанын түсінбеймін?! Ислам діні ысырапшылықты құптамайды, оған бөлінген ақшаны неге жетім-жесірлерге бермеске? Қазіргі күні бала-шағасының жейтін тамағын, киім-кешегін ала алмай отырған отбасылар аз емес… Адамдар бұл жерден үстіне келілеп бояу шашып, киімін былғап қайтады. Соның денсаулығын нығайтуына септігі бар ма, содан салауатты өмір салты қалыптаса ма?! – дейді наразылығын білдірген «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек орталығының теолог-маманы Мұқиден ОМАРОВ.Қоғам белсендісі Дәурен МАҚЫМНЫҢ айтуынша, мұнайлы аймақта 2015 жылы «SSS-parti» мекемесі «Холи» фестивалін атап өту жайлы ұсыныс берген. Бірақ, көпшілік, діни ұйымдар өре түрегеле қарсы болып, бастама қолдау таппаған. Соның ішінде, қазаққа жат мейрамның өтуіне барынша қарсы тұрып, жергілікті БАҚ беттерінде өткір пікірін білдірген қарсы болған «Жас Отан» жастар қанатының Атырау облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Асқар БОПЫЛДЫҚОВ еді. Осыдан екі жыл бұрын жалындап тұрған жас отыздан асқан шағында көз жұмды. Ал биыл ол қарсылық білдірген үнділік мерекенің «Бояу Фест» деген атпен тойлануына Дәурен Мақым «өзі жоқтың көзі жоққа» салып марқұмның әруағын сыйламау»деп баға береді.Фотолар автордікі.МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ ЖАРИЯЛАУҒА БОЛМАЙДЫ. 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34