Атырауда Ноғаев шеше алмайтын мәселе бар...

24.02.2018, 05:56

24

 Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың жақында өткен халыққа есеп беру жиналысында зейнеткер Рысханым Айтпаева «Химпоселок» тұрғындары қалаға жаяу қатынап жүргенін айтып, қоғамдық автобус бағытын қайта жандандыруды сұраған еді. Облыс әкімі «мәселені шешеміз» дегенімен ауыл тұрғындары қоғамдық көлікті жақын арада көрмейтін сияқты.  Мәселен, қаладағы қоғамдық көліктердің қозғалысына жауапты «Смарт Атырау» мекемесі мәлімдегендей, «қазіргі күні 2017-2022 жылдарға арналған арнайы тұжырымдама дайындалып жатыр, қай бағыттың қалай жүреді, қайсысы пайдалы, қайсысы қажетсіз екені сол тұжырымдамада көрінбек». Сосын тендер өткізіп, «жүзден жүйрік» шыққандармен келісім жасалып, түрлі бағытпен жүретін автобустардың иелері анықталады. Яғни, «Химпоселок» тұрғындары «қашпаған сиырдың піспеген уызына» қарап отыруға мәжбүр. Неге десеңіз, ол тұжырымдаманың қашан жүзеге асарын белгісіз.Жалпы, осы мәселені облыс басшылары бірінші рет естіп тұрған жоқ. Бұрын қала іргесіндегі «Химпоселок» поселкесіне  №7 бағыттағы автобус қатынайтын. Бірақ, тура сабақ басталған кезде бұл автобус өз жұмысын тоқтатты. Сондағы айтқан уәжі: күндіз жүретін жолаушының аздығынан пайда жоқ. Міне, жарты жылдан бері  қаладағы мектепке балаларын  тасып қиналған  «Химпоселок» тұрғындары қала басшылығына, облыс әкіміне өтініш, шағым айтып жүр. Мұны әрине, облыс әкімі Н.Ноғаевтың естімеуі мүмкін емес.  Ел сөзін тыңдар құлақ болса, білек сыбанып осы күнге дейін бұл мәселені шешіп тастауға да болар еді. Алайда, басшылардың ондай шапағаты «Химпоселокке» әзірге түспей тұр.Айтпақшы, облыс әкімінің есепті жиынынан кейін  «Смарт-Атырау» КММ жол-патрульдік полициямен бірге рейд өткізіп, қаладағы елуге тарта автобус пен «Газель» жүргізушілерін тексерді. Сөйтіп, жүргізуші куәлігінсіз қоғамдық көлік айдаған екі адам анықталды. Жолаушыларға билет бермеу, арнайы форманы кимеу, көліктің техникалық жағдайын қадағаламау сияқты ірілі-ұсақты кемшіліктер үшін ескертулер жасалды. Осылайша, әкімнің бір тапсырмасы оңай орындалғандай болды. Ал, «Химпоселокке» дереу арада қоғамдық автобус жүргізуге келгенде басшылардың сиқыры бітіп қалғандай.Құралай Қуатова,Атырау облысы 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:08
Алматыда Көк базар жабылады

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39