Атырауда полипропилен өндіретін жаңа зауыттың негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды

Сайт әкімшілігі

28.12.2021, 16:36

806

Мұнай-химия саласы – дүние жүзіндегі ең табысы мол әрі қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі.

Жалпы, сарапшылардың пайымына салсақ, мұнай-газ өндірісінің күні батты деуге әлі ертерек. Аталған сектордың әлеуеті әлі де жеткілікті. Тек бұл саладағы басымдықтың бағытын аздап бұрған жөн. Атап айтқанда, мұнай-химия саласын дамыту керек. Адам денсаулығына да, қоршаған ортаға да зиян келтірмейтін қуат көздері табылып жатқан тұста, құр қара майға қарап отырудың жөні жоқ. Оны өңдеп, ілеспе газдарды пайдаға жарату қажет болып тұр.

Зауыт пропанның алғашқы партиясын қабылдады

Осы орайда Атырау облысындағы «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) ЖШС-нің газ-химиялық кешенінің мүмкіндігі зор. Қазіргі уақытта полипропиленнің 65 түрлі маркасын өндіруді жоспарлап отырған зауыттың негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды.

Апта басында жаңа зауыт Теңіз кен орнынан жеткізілетін пропанның алғашқы партиясын қабылдады. Бұған дейін қараша айында зауытқа азот пен құрғақ сығылған ауа берілсе, шілдеде зауыт «Karabatan Utility Solution» ЖШС-нен басты қосалқы станцияға электр энергиясын, кейін бастапқы тұзсыздандырылған, минералсызданған және техникалық суды сәтті қабылдады. Осылайша, зауыт іске қосу-реттеу жұмыстарына, іске қосу және өндіріске қажетті барлық ресурстарды қабылдауды аяқтады.

Жаңадан 500 жұмыс орны ашылады

Жобаны жүзеге асыра отырып «ҚазмұнайГаз» ҰК» АҚ жаңа сала – көмірсутекті терең өңдеуді игере бастады. Осылайша еліміз бен Атырау өңірі үшін жоғары экономикалық және әлеуметтік маңызы бар жаңа мұнайгазхимия саласында қарқынды дамып келе жатқан өндіріс орны пайда болды. Бұл салаға салынған әр доллар экономикада қосымша 2-3 доллар пайда әкеледі және аралас салаларда 7 жаңа жұмыс орнын ашуға ықпал етеді. Зауыт іске қосылған соң кәсіпорында шамамен 500 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Құрылыс барысында 29 мың тоннадан астам металл құрастырылым монтаждалып, 165 мың текше метрден астам бетон құйылды, 2,5 мың километр кабель мен 261 километр технологиялық

құбыр желісі тартылды. Бас мердігер — қытайлық “CNCEC” компаниясы, құрылыс-монтаж жұмыстарына 40-тан астам қазақстандық компания қатысты.

«Құрылыс қызған уақытта коронавирус пандемиясы басталып, карантиндік шектеулер енгізілді, шекаралар жабылып, дайындаушы зауыттар жұмыстарын тоқтатты, дегенмен біз құрылысты тоқтатқан жоқпыз. Қабылданған шешімдер арқасында, сонымен қатар Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қоры басшылығының қолдауымен бөлінген қаржыны жеткізіп, жұмыс қарқынын бәсеңдетпедік», — дейді басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дамир Әшімов.

Тәулігіне 72 вагон пропан келеді

Пропан кешен аумағына темір жол арқылы вагон-цистерналармен жеткізіледі. Эстакадада америкалық “EMCO WHEATON” компаниясының саңылаусыз пропан құю жабдығы орнатылған. Шикізатты италиялық “SIAD” компаниясының компрессорлары айдайды. Орташа алғанда тәулігіне жалпы көлемі 2 300 тонна болатын 72 вагон құйылады.

«Теміржол эстакадасында операторлар шикізатты құйып алады, кейін ол газ қауіпсіздігін анықтайтын жүйемен жабдықталған пропанды сақтау паркіне айдалады. Әрі қарай пропилен алу үшін пропанды дегидрлеу қондырғысына жіберіледі. Ал полимерлеу қондырғысында соңғы өнім – полипропилен алынады», — дейді зауыттың бас инженері Денис Козырев.

Машина құрастыруда таптырмас шикізат...

Кешен жылына 500 мың тонна полипропилен өндіреді. Ол машина құрастыру, медицина, электроника салаларында негізгі шикізат болып саналады, қаптау материалдарын, ыдыстарды, жіптерді, құбырлар, тұрмыстық электроника, халық көп тұтынатын тауарлар, жиһаз өндіру үшін қолданылады.

Пропанды сақтау паркінде Оңтүстік Кореяда жасалған үлкен төрт резервуар бар. Олардың әрқайсысының ұзындығы 42 метр, сыйымдылығы 2500 текше метр.

Жобаны жүзеге асыруға “Siemens”, “MAN”, “SGS”, “Air Liquide”, “Mitsubishi” секілді әлемдік көшбасшы компаниялар қатысты. Жоғары технологиялық жабдықтарды іске қосу, зауыт операторларын ол жабдықтармен жұмыс жасауға оқыту үшін Атырауға дайындаушы зауыттардың бас инженерлері келді.

KPI жобасында енгізілген заманауи технологиялар кәсіпорынның толықтай цифрланған зауытқа айналуына мүмкіндік береді. Алдағы уақытта қоймада жүргізілетін операциялар, өнімді

қаптау, сақтау, автокөлікке немесе темір жол көлігіне тиеу сияқты жұмыстар адамның қатысуынсыз арнайы робот техниканың көмегімен жүзеге асырылады. Мамандандырылған ақпараттық технологиялық шешімдер мен корпоративті жүйелер дайын өнімді соңғы тұтынушыға жеткізуге дейінгі барлық мәліметтерді жоғары дәлдікпен жүргізеді.

Кәсіпорын өкілдері зауыттың барлық экологиялық талаптарға сай екенін атап өтті. Барлық зиянды қоспалардан тазартылған пропан алдымен пропиленге, кейін өндірістік тізбек бойынша полипропиленге айналады. Бұл процестер барысында күкіртсутек, күкірттік ангидрид және хош иісті көмірсутек тәрізді зиянды заттар пайда болмайды.

Су пайдалану жағынан да экологиялық таза кәсіпорында технологиялық процестерге қажетті айналма сумен қамту жүйесі қолданылады. “Karabatan Utility Solutions” ЖШС тазарту қондырғысының ағындарды толықтай тазалау және қайта пайдалану жүйесі есебінен суды пайдалану көлемі азайып келеді.

Мұнайхимия саласының ірі өкілі “СИБУР” компаниясы аталған бұл маңызды жобаларды жүзеге асырмақ. Серіктес компанияның тәжірибесі мен құзыреті «ҚазМұнайГаз» компаниясына қазақстандық өнімді жаңа нарыққа шығаруға жол ашады деп сенеміз.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:12
Коронавирус инфекциясын жұқтырған 15 872 жағдай тіркелді
Махамбет САПАРМҰРАТОВ 19.01.2022, 18:15
Әйелдердің қателіктеріне еркектердің де қатысы бар
Сайт әкімшілігі 19.01.2022, 14:00
Тұрғындардың қарулары уақытша сақтауға қойылды
Сайт әкімшілігі 19.01.2022, 11:10
Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша антирекорд тіркелді
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 19.01.2022, 08:48
«Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
Күлтегін БЕК 18.01.2022, 08:41
Қаралы қаңтар: күдік пен үміт

Аңдатпа


  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48
  • Жарылысқа жол ашқан – биліктің мақтаншақтық идеологиясы
    19.01.2022, 09:05
  • Аренадан Алаңға дейін...
    18.01.2022, 08:39
  • Қазақты байытпаған «Самұрық-Қазына» «Жаңа Қазақстанға» жеткізе ме?
    18.01.2022, 08:38