Атырауда шетелдік компания жүргізушілерді де қытайдан алып келген (видео)

18.07.2019, 20:54

94

Жақында ғаламтор желісіне салынған бейнежазбаөзінің заңды жалғасын тапты. Онда Атырау облысы Қызылқоға ауданының Сағызауылында тас жол салып жатқандардың тегіс қытайлық азаматтар екені анықкөрінеді.  Жазба иесі «мұндай қаражұмыстарды осы жердің екі қолға бір күрек таппай отырған халқы да атқара алареді ғой» деген ренішін білдіреді. Шындығында, квотода көрсетілмеген жәнежергілікті жұмыс күші орындай алатын қызметтерге шетелдіктер тартылуы тиісемес-ті.

Анықталғандай, «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» жолынсалып жатқан Қытайдың «Shanghai Construction» құрылыс компаниясы болып шықты.Компания тендер ұтып алған, ресми мәлімет бойынша онда 15 шетелдік жұмыс істеуікерек болған. Қазіргі күні Қызылқоға аудандық соты жүк көлігіндегі жүргізушігеқатысты ҚР қылмыстық әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 517-бабы 5-бөлімі («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметівизада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауы»)  бойынша әкімшілік ісқозғады. Оған сәйкес, заң бұзушыға жиырма бес айлық есептiк көрсеткiшмөлшерiнде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейін мерзімге әкімшілік қамаққаалуға немесе Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығарып жiберге болады.Бұл жолы қытайлық компанияға айыппұл салынған.

-Тексеругежәне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың толтырылуына интернеттежарияланған бейнежазба негіз болды. Сотта ҚХР азаматының Қазақстанға іскерліквизамен келгендігі анықталды және бұл өндіріс нысандарында жүргізуші болыпжұмыс істеуге құқық бермейді,- деп мәлімдейді Қызылқоға аудандық сотыныңбаспасөз қызметі.

Фотоавтордікі.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәлік ОТАРБАЕВ 14.04.2021, 16:07
БІЗ КҮТКЕН БАҚЫТ
Сайт әкімшілігі 14.04.2021, 10:33
Қазақстанның 8 өңірі "қызыл" аймаққа енді
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 13.04.2021, 09:44
Итке неге «иттік» жасадық?
Сайт әкімшілігі 12.04.2021, 09:25
Коронавирус жұқтырған 569 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 12.04.2021, 09:14
Оқығанмен жағдай жасалмайды. Ауыл шаруашылығы мамандығын игергендер жұмыссыз қалып жатыр
Сайт әкімшілігі 12.04.2021, 08:58
Қазақстанда өткен тәулікте 2290 адамнан коронавирус анықталды

Аңдатпа


  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08
  • Дағдарысты ауылдан жауап
    09.04.2021, 08:46
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24
  • Ашынғаннан шыққан ащы дауыс
    09.04.2021, 09:03