Атырауда суға кетіп өліп жатқандардың саны азаймай тұр

23.07.2018, 19:24

161

Бесікті ауылында тұратын 33 жастағы Ержан Серіковтің ерлікпен көз жұмғанына да жыл толып қалды. Былтыр ол Жайық өзенінде суға кетіп бара жатқан көршісінің екі қызын құтқарам деп кенеттен ажал құшқан еді. Марқұмның апасы Нәсіп Серікованың айтуынша, содан кейін үйге көңіл айта келген бір кісілер Серікке осы ауылдан көше атын беру жөнінде ұсыныс білдіргендерін айтқан, бірақ, одан кейін бұл тақырып қозғалмай, жабулы қазан күйінде қалыпты.

-Менің бұл қызметке келгеніме бір жыл уақыт болды. Осы уақыт аралығында маған Ержан Серіковке көше атын беру жөнінде ұсыныс келіп түскен жоқ. Ұсыныс поселкелік әкімшілікке берілген жағдайда да бізге келіп түсуі керек еді. Оның үстіне, былтырғы ақпан айынан бастап бізде көшелерге кісі есімін беруге мараторий жарияланып тұр, — деп түсіндіреді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ономастика жөніндегі бас маманы Алмагүл ДЖАНКОНОВА.

Өкінішке қарай, атпалдай азаматтың өмірін қиған қайғылы жағдай қараусыз жерлерде, мас күйінде суға түсетіндерге сабақ болмай тұр.

-Жыл басынан бері Атырау қаласы мен маңайдағы елді мекендерде 16 адам суға кетті, оның 9-ы – бала. Айта кетейік, бұл балалардың барлығы да ересектердің бақылауынсыз шомылып жүрген. Олардың төртеуі Атырау қаласында, екеуі – Жылыой, үшеуі – Махамбет ауданында батып кетті. Ал тілсіз жаудың құрбанына айналған ер адамдардың көбінесе «ұрттап» алып суға түскені анықталады, — дейді «Батыс аймақтық аэромобильдік жедел құтқару отряды» ММ басшысының орынбасары Әділхан ЖҰМАЛИЕВ. 

-Бізде тек «103» желісі арқылы келіп түскен шақыртаулар тіркеледі. Жаз басталғалы жағажайға 11 шақырту болды, оның бесеуінде суға кете жаздаған кішкентай бала еді. Он бір оқиғаның сегізінде құтқарылғандар «жедел жәрдем» келгенге дейін көз жұмды. Осы орайда, тұрғындардың судан шығарылған адамға алғашқы көмек көрсетудің қарапайым ережелерін білмейтіні қыржылтады. Бәлкім, сонда бірнеше өлімнің алдын алуға болар ма еді?!, — деп көңілсіз статистиканы жалғастырады қалалық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Гүлнәфис ТАҢБАЕВА.

Қазіргі таңда «Батыс аймақтық аэромобильдік жедел құтқару отряды» ММ жағажайларда 158 рейд жүргізген, соның нәтижесінде қоғамдық орындарда ішімдік ішіп оытрған 19 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 128 адамға суға түсу ережелерін сақтау жөнінде қатаң ескерту жасалған. Осыған байланысты салынған айыппұл көлемі 114 мың теңге құрайды.

Фото: azh.kzМАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Дарын ЗАМАНБАЙ 08:41
Жалқау қазақтың ғалымдары да жалқау болды
Еркежан АРЫН 28.07.2021, 08:45
Заң көмегінің сапасы артуда
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 09:15
Қазақстанда COVID-19 жұқтырудың 6 637 жағдайы тіркелді
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 23.07.2021, 14:17
Бал татыған балық сорпасына зар болып қалмайық
Еркежан АРЫН 23.07.2021, 11:18
Қазақстан өнімдерінің сапасы стандарт бойынша қалай артып жатыр?

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55