Атырауда тағы да лифт құлады

18.09.2018, 03:35

5

Атырауда лифтінің төңірегінде тағы шу шықты. Тағы да «Алмагүл» ықшамауданынан. Бұл жолы осындағы 23 үйдің он бесінші қабатынан бірнеше адам түнгі сағат 23.00 шамасында жеделсатыға отырады. Үшінші қабатқа келгенде лифт төмен қарай құлдилай жөнелген. Зәресі ұшқан тұрғындар дереу оқиға орнына жауапты «Каспийлифт» мекемесінің механигін шақырады. Олардың қатты үрейленіп, қорқып кеткенін түсінуге болады: 2011 жылы осы ықшамаудандағы үйлердің бірінде лифтіден шыға алмай қалған келіншек қаза тапты, осы жазда екі жеткіншек жұмыс істемей тұрған лифтіден құлап кетіп, көз жұмды.- 2012 жылы «Алмагүлдегі» он алты қабатты сегіз үйге өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында терможаңғырту жүргізілген. Ол бойынша лифтілердің кепілдік мерзімі келесі жылы ғана бітеді. Біз қазір «Каспийлифт» мекемесінен кешегі жеделсатының «жұмысқа жарамды» екендігі жайлы  анықтама алып отырмыз. Оған нормадан артық адам отырып, авариялық сілкініс болған, — дейді Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тұрғын үй инспекциясының басшысы Қайрат Хабиев.«Каспийлифт» ЖШС директоры Нұрдәулет Сатиев оқиға болған жерге аяқтай келіп, лифтінің бұзылмағанын, қазір де жұмыс істеп тұрғанын тұрғындардың көзінше көрсетуге тырысты. Айтатыны — «тұрғындардың салмағы артық болып кеткен».     — Кешіріңіз, кешегі жағдайда лифтіге екі ер, үш әйел адам және екі кішкентай бала мінген. Тұрғын үй инспекциясының мәліметі бойынша, ол 630 келіге дейінгі салмақты көтере алады екен. Сонда осы адамдардың салмағы көрсетілген шамадан асып кетті деп тұрсыз ба? — 630 келі – лифтілер жаңадан іске қосылған кездегі норма. Уақыт өте бұл сан азайып тұрады. Егер лифт жұмыс жасамайтын болса, ол он бесінші қатардан жүріп келіп, үшінші қабатқа келгенде құламас еді. Лифт бір секундта бір метр жүруі тиіс. Одан артық болып кетсе кабинканың жылдамдығын азайтатын «парашют» жүйесі іске қосылады. Ол жүйе іске қосылған жоқ, демек, ол бір рет қана «секіріп», «скачок» берген.         — Жеделсатының есігі салмақ артық болған жағдайда жабылмай, орнынан қозғалмай тұрады. Білуімізше, кеше олай болмаған... — Мен түнде келіп қарағанда лифт жұмыс жасап тұрды. Басқаша түсіндіре алмаймын. Бұл кісілердің ойынша, жүк лифтісі де, жүргізуші лифтісі де – тек осы. Талай рет оған жиһазын толтырып тиеп алып, жүре алмай тұрғандарын өз көзіммен көргем.Өз кезегінде «Алмагүл» ықшамауданының тұрғындары лифтінің осымен бірнеше жыл бойына созылып келе жатқан проблемасынан мезі болғандарын айтады.[caption id=«attachment_17717» align=«alignnone» width=«1500»]«Алмагүл» ықшам ауданының тұрғындары.[/caption] — Осы күні өзіміздің, бала-шағамыздың өмірі үшін қорқатын болдық. Есік жылдам ашылып жабылғанда сәбиіміздің коляскасы қалып қойған күндер болды. Мектепте оқитын балаларды отырғызып жіберуге қауіптеніп, жаяу жібереміз. Өзіміз де көбінесе жаяу мініп-түсеміз, — деп шағынады Айгүл Жантоқова.  — Осы тамыз айында ғана келінім мен немерем лифтіге мінген. Екінші қабатқа мінгенде ол тоқтап қалып, ішінде бір сағат отырды, — дейді Сапура Мұстафина.Қазіргі күні «Алмагүл» ықшамуданындағы аталған көпқабатты үйлерде тұратындар терможаңғырту бағдарламасы аясында жасалған келісім-шартқа сәйкес, «Нұрбанк» банкі арқылы айына 2500 теңге лифт үшін төлейді екен. Бұл төлем 2019 жылы кепілдік мерзімі өткен кезде тоқтатылады. «Каспийлифт» басшысының айтуынша, олар тұрғындар пайдаланатын әрбір кәртішкеден үш теңге ғана пайда көреді. Егер тұрғындардың 70 пайыздан астамы арызданып, қолдарын қойған жағдайда лифтіге жауапты мекемені өзгерте алады. Қалада «Каспийлифтіден» өзге мұндай алты мекеме бар. Алайда, ықшамаудан тұрғындарынан жазбаша келіп түскен арыз-шағым тіркелмеген.Атырау қаласындағы 114 көпқабатты үйде барлығы 301 лифт тіркелген. Оның 266-сы жүргіншілерді, 35-і жүк тасымалдайтын лифтілер, 19 лифт жұмыс істемейді.Фотолар автордікі.МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34