Атырауда ВИЧ-ке шалдыққан шетелдіктер көбейіп барады

11.08.2018, 20:00

12

Атырау облысына жақын шетелдерден келген жұмыс күшінің арасында иммун тапшылық вирусы инфекциясын (ВИЧ) жұқтырғандардың болуы аймақтағы көрсеткішке теріс әсер етіп отыр. Былтырғы алты айда қауіпті вирусты жұқтырған он адам тіркелсе, биыл бұл дерек 16-ға көбейген. Облыстық ЖИТС-пен (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) күрес және алдын алу орталығының бас дәрігері Нұрғабыл АЙТМҰХАМБЕТОВ бұл мәселені уақыт ұзартпай заң жолымен шешу керек деген пікірде.-Біріншіден, бұл азаматтар өздерінің науқас екенін білмейтін болып шығады. Екіншіден, Қазақстанда олардан бойында қауіпті вирус бар-жоғы жөніндегі анықтама талап ететін заң жоқ. Біз жақында бизнес құрылымдардың өкілдеріне «Сіздер ондай заң болмаса да шетелдіктерді бізге тексеруге жіберіп отырыңыздар деген ұсыныс айттық. Енді осы мәселені миграциялық қызметтің алдына қойғымыз келіп отыр. Қазір аймақта жұмыс жасап жатқан гастербайтерлердің жергілікті қыз-келіншектермен қосылып, балалы болып, содан ВИЧ жұқтырған деректері тіркеліп отыр. Жағдайдың алдын алып, әрі қарай таралуына жол бермеуіміз керек, — дейді Нұрғабыл Айтмұхамбетов.ҚР Парламентінде басқа елден келген азаматтардан иммун тапшылық вирусы инфекциясына анықтама талап ету жөніндегі ұсыныс бір рет қаралып, қабылдаудан бас тартылған екен. Халық қалаулылары адамдардың «мұндай медтексерістен анонимді өтуі керектігін» алға тартқан. Қазіргі күні аймақтағы еңбек мигранттары үш айда бір рет құрт ауруына тексеріледі. Қомақты айыппұл төлеуден қашқан жұмыс берушілер оларды туберкулез диспансеріне тұрақты әкеліп тұрады екен.Атырау облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан білгеніміз, шетелдерден заңды түрде жұмыс күшін квотамен алдыратын шетелдік компаниялар қызметкерлерін келгеннен кейін, өздерінің ішкі ережелеріне сай, толық медициналық тексерістен өткізіп алады. Соның ішінде, ВИЧ-инфекция жөніндегі анықтама да болуы мүмкін. Ал шағын мердігер мекемелер мен еш жерде тіркелмей нәпақа тауып жүрген гастербайтерлер ше? Олар үшін өздерінен басқа, ешкім жауапты емес.-Шетелдіктерден ВИЧ-инфекциясы жөніндегі анықтаманы талап ету еңбек заңдылығында жоқ. Меніңше, бұл — денсаулық саласына жауапты ведомоствоның құзіретіне кіретін жұмыс. Шекара асқанда, жұмысқа тұрғанда талап етілетін медициналық формалар бар. Сондағы тізімге осындай анықтаманы енгізу керек. Әйтпесе, оны «Еңбек туралы заңға» кіргізу тетігін көрмей тұрмын, — дейді облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік ӘУБӘКІРОВ.  Қазіргі күні Атырау облысындағы СПИД-орталығында 15-49 жас арылығындағы 179 адам есепте тұр. Мұнайлы өңір бұған дейін ВИЧ деңгейі жағынан республика бойынша соңғы орындарда болып келген. Аймаққа ағылған шетелдіктер бұл көрсеткішке кері әсерін тигізіп тұр.Фото: knowledgeМАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:08
Алматыда Көк базар жабылады

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39