Атырауда жұмыртқа жарғыш жастар жауапқа тартылды

08.02.2019, 20:48

164

Қай жақтан, қалай келгені белгісіз, туған күні болған адамға ұн шашып, жұмыртқа лақтырып, бетін тортқа батыратын жағымсыз әдеттер Атырауға да жетіпті. Қаладағы колледждердің бірінің алдында екі жасөспірімді туған күнімен құттықтаған достары оларды скотчпен бағанаға байлап тастап, бастарына жұмыртқа жағып, үстерін ұнмен былғапты. Бұл әрекеттерін бастан-аяқ бейнекамераға түсіріп тұрған.Алайда, ерекше «заманауй» әдіс жергілікті полиция басқармасының ювеналды полиция тобының инспекторларына ұнаған жоқ. Олар бұл жайды қоғамдық орында ұсақ бұзақылық жасау деп танып, ата-аналарына хаттама толтырып, сотқа ұсынды.Сот кәмелет жасына толмағандардың әрқайсысының ата-анасына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабы бойынша 11 785 теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындап отыр.Еске түсіре кетсек, дәл осындай оқиға былтырғы қыркүйек айында Ақтау қаласында орын алған еді. Онда сегізінші сыныптың оқушысын «құттықтаған» бес баланың әке-шешесі әкімшілік жазаға тартылған.Қуанышты күннің берекесін асты қорлап, қасиетті ұнды шашумен қашыратын жас буынның қылығы қалай ақтауға да келмейді-ақ. Аштық пен тоқтықтың қадірін білмейтін ұл-қыздар қазақ тарихындағы бір үзім нанға зар болған зұлматты жылдардан хабарсыз болса керек.Фото ғаламтордан алынды.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:59
Мектептегі зорлық: ата-аналар іс жабылып қала ма деп қорқады
Бифат НҰРМАХАН 13.05.2022, 13:00
Бала құқығы – басты құндылық
Нұрболат ӘЛДИБЕК 13.05.2022, 10:45
«Көне Тараз» құлағалы тұр
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 13.05.2022, 07:59
BI Group-тың былығы тексерісті қажет етеді
Сайт әкімшілігі 12.05.2022, 18:50
ҚР Кәсіподақтар федерациясының республикалық штабының алғашқы отырысы өтті
Сайт әкімшілігі 12.05.2022, 17:58
Алматыда сакура ағаштарын отырғызды

Аңдатпа


  • Мәскеуменен Тәшкеннен көш келеді
    12.05.2022, 08:30
  • Әскердегі әлімжеттік пе, әлде?..
    12.05.2022, 08:12
  • Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
    12.05.2022, 08:07
  • Қазақша оқыт балаңды!
    05.05.2022, 05:30
  • "Өгіз мүдде"
    05.05.2022, 05:27