Атыраудағы балықты кім қырды?

11.07.2019, 02:52

5

Атырауда былтырғы балықтың қырылу оқиғасына байланысты сот процесі жүріп жатыр. Бұл жолы сотқа дейінгі тергеу «құрамында хлоры көп суды Жайық өзеніне жіберді» деп қорытындылаған «Атырау су арнасы» мекемесі жауапқа тартылуда. Аталған кәсіпорынның бұрынғы директоры, оның орынбасары мен су тазалау стансасының басшысы өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарып отыр. 
— Олардың барлығы ҚР ҚК 328-бабы 3-бөлігі («Қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адам өлiмiне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан іс-әрекеттер») және 2014-бабы 2-бөлігі («Отпен немесе қаупі жоғары өзге де көздермен абайсыз жұмыс iстеу арқылы жасалған не ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірген дәл сол іс-әрекет») бойынша айыпталып жатыр.  Сондай-ақ, кәсіпорын басшысына қатысты қосымша ҚР ҚК 371-бабы («Салғырттық») бойынша қылмыстық іс тіркелді», — дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВ.
— Су құрылғысындағы ағын судың құрамында осыншалықты көлемде хор болуы мүмкін емес, олай болса халық та уланып қалар еді. Менің қорғауымдағы кісілер сол себепті де кінәларын мойындамай отыр, — деп түсіндіреді адвокат Амантай ДҮСІПОВ.
Сондай-ақ, айыптау құжаттарында сарапшылардың балықтардың аммиактың кесірінен қырылғаны да көрсетілгені белгілі болды. Алайда, аммиактың «Атырау су арнасына» қатысты екеніне айғақ жоқ.
Өткен қыста Жайық өзенінде 120 тонна, оның ішінде 101 тонна бекіре тұқымдас балық қырылғаннан кейін жауапқа тартылған мекемелер қатарында қалалық жылу-электр орталығы да болған еді. Оны бір тоннадай балық шығыны үшін айыптаған, өйткені, сүзгінің болмауы балықты каналға тартып кетуге себеп болған. Орталық кінәсін мойындап, айыппұл төлеген болатын. Ал «Атырау су арнасы» балық қырғынына қатысы жоқтығын сотта дәлелдеп шықпақ ниетте.
Фотоны ұсынған: автор
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:59
Тендер "ұтып бергіш" алаяқ ұсталды
Сайт әкімшілігі 15:07
Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
Сайт әкімшілігі 11:53
Қазақстанда алдағы күндері қар жауады - Қазгидромет
Сайт әкімшілігі 10:22
Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салуға болмайтынын айтты
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13