Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды

Бифат ЕЛТАЕВА

27.11.2020, 16:22

1066

Редакциямызға сонау Атырау облысы, Махамбет ауданы Махамбет ауылының тұрғыны Шағия Биқашқызы Есмағанбетова арыз жолдапты. Өзін медицина саласының ардагері, ардақты ана, ІІ топ мүгегедімін деп таныстырған Шағия Биқашқызы Махамбет ауылынының медицина саласына қатысты біраз былықтардың басын ашып жазған.

Оның айтуынша, Атырау облысында «Халық үніне құлақ асатын үкімет» ұстанымы жүзеге асырылмайтын көрінеді. Олай деуінің себебі, ол жыл сайын Атырау қаласындағы облыстық ауруханасында тұрақты емін алып келген.  Алайда пандемияға байланысты емдеу курстары тоқтатылып, карантин біткеннен соң да емдерін жалғастыра алмаған. Содан кейін бұған қатысты арызын облыс әкімінің орынбасары Бақыт Хаменоваға жолығып тапсырады.

— Мен Бақыт Хаменоваға барғанымда «Мен сізді жақсы білемін, ауруханаға өзім жетектеп апарып жатқызамын» деген. Бірақ әлі уәдесін орындамады, – дейді Шағия Биқашқызы.

Мәселені уәде бергіш басшы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровқа тапсырады. Алайда зейнеткердің денсаулығына бейжай қараған  Нұрлыбек Қабдықапаров та «жиналыстамын, өзім хабарласамын» деп бірнеше рет қашып жүріп, істі аяқсыз қалдырған күйі жұмыстан шығып кетеді.

Мүгедек, жанына дауа іздеген науқастарға жаны ашымаған басшылардан бұдан кейін не күтуге болады? 45 жылдық еңбек өтілі бар зейнеткер дәрігердің айтуынша, елімізді жайлаған індеттен соң, аурухана іші ақталып, сырланбаған. Осы жөнінде зейнеткер облыстық аурухананың аға медбикесі Роза Сабырғалиқызына КВИ таяқшалары қалып қояды, ақтап, сырлау керек деп ескертеді. Науқастың сөзіне шамданған  аға медбике «ақбалшық та, сыр да жоқ» деп салқын жауап береді. Тіпті науқастың өзім әкеліп берейін дегеніне де көнбейді.

Шағия Биқашқызы облыстық аурухананың бұдан да өзге былықтары жетерлік екенімен қоса, оған дәлелдерінің бар екенін де айтады. Оларды тізбелейтін болсақ: біріншіден, медбикелер кезекшілік уақытында жұмысқа деген жауапкершілігін ысырып тастап,  ұйықтап жатады немесе телефонмен ойнап отыратын көрінеді. Ол аздай ауруханада жатқанымен, емді толықтай қабылдаудың өзі науқастар үшін мұң екен. Тіпті емханада берілетін дәрі-дәрмек түгілі, 2 граммдық шприцтің өзі жоқтың қасы.

— Емді толықтай қабылдай алмаймыз. Бұрынғы аурухана директоры С. Шомировтың жары Үміт Рахимовна ине салатын дәрігер, ылғи жұмыста болмайды. Біресе өзі ауырады, немесе немересі ауырып жатады. Ақыры инемді ала алмай, ауруханадан шығып кеткен кездерім болды, – дейді Шағия Биқашқызы.

Сонымен қатар арызданушының айтуынша, аурухана қызметкерлері тамақ пісіретін арнайы ғимараттары бола тұра, қауіпсіздік ережесін сақтамай, артық ток көздерін қосып тамақ істеп, білгендерін жасап жүргені дәрігер деген аттарына біршама сын емес пе?.. Соның салдарынан, ғимаратта өрт шығып, бірталай шығынға ұшыратады да. Бұл туралы сол уақыттағы басшысы С.Шмировқа ескерткенінде, ол қызметкерлеріне қатаң сөгіс беріп, тоқтатады.

Ал екінші былық басшылардың былығы. Мәселен, аурухананың бас медбикесі Л.Нейман зейнет демалысына шығып, орнына Роза Сабырғалиевнаны қояды. Десе де, Роза Сабырғалиевнаның жұмысын әлі күнге Л.Нейман өзі атқарып отқан-ды. Бұл тек былықтың басы ғана. Сондай-ақ, ауруханада мүгедектерге арналған әжетхана науқастарға қолжетімсіз көрінеді. Қашан барса да құлыптан босамаған есік әрең жүрген мүгедектерге ашылуы қиын екен. Оның кілтін сұрағанда, кілтті бұрынғы бас дәрігер алып кеткен деп қызметкерлер ақталатынын айтып науқас мұңын шақты. Сонымен бірге, науқас ауруханадан бөлек, учаскелік дәрігердің жұмысына да көңілі толмайтынын жазды. Олай деуінің де бірнеше себебі мен дәлелі бар екендігін де жаткізді. «Ауырғанда шақырсам «шақыртуға» келмейді. Бірдеңе айтсам, ұрысады. Оған дәлелім де бар. Осындай мамандардың жұмыс істеу деңгейі мен тәртіптік жағы директорлардың бақылауында болу керек емес па, директор өзі қабылдамай тұрғанда, басқалардан не күтеміз?» деп Шағия Биқашқызы осыған ұқсас мысалдардың көп екенін айтады.

Ауруханадағы жағдайға қайта оралсақ, қаншама жас кадрлардың жұмыссыздығына сеп болған зейнеткерлердің орын бермеуі де ушығып тұрған мәселе.  Науқас зейнетке шыққан дәрігерлер жұмыс істейді деген аты ғана болғанымен, жұмыстың дұрыс атқарылмайтынын айтып шағымданды. Тіпті зейнеткер бола тұра, бірнеше жерде жұмыс жасайтын дәрігерлердің де барын айтты. Бұл жөнінде науқас «осыдан-ақ жұмыстың сапасының төмен не ауырған адамдарды қарамайтындығын көруге болады» дейді. Бұдан кейін ақ халатты абзал жан деп жүргендердің науқастарға деген қарым-қатынасының, денсаулықтарына немқұрайды қарайтындығын аңғарамыз. Сондай-ақ «науқастарға берілетін тегін дәрі дегендерді құлағымыз естігенімен, көзіміз көрген жоқ, қажетті тегін беріледі деген дәрілерді әлі күнге өзім сатып аламын» дейді зейнеткер.

Әрине, тіл табыса алмайтын дәрігерлер алдымен науқаспен дұрыс қарым-қатынас орнатып барып, оның ауруын дөп басып, айтып бере алады емес пе? Ал науқасқа немқұрайды, дөрекі қарым-қатынас жасайтын дәрігерлерді – кәсіби білгір маман деп айтуымыз қаншалықты орынды. Аурухананың былықтары былыққан үстіне былығып бұдан кейін де жалғаса бермек пе? Сол себепті, Махамбет ауданына қарасты медицина саласының дәрігерлері науқастың жанайқайына құлақ түреді деп сенеміз.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:28
«Өтірік мәлімдеме». Бауыржан Байбек Жанболат Мамайдың айыптауларына жауап берді
Самал МАЕМГЕНОВА 13:51
Тәуелсіздік не берді?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.04.2021, 15:29
Тұңғыш ғарышкер Тоқтарды неге табандап таптаймыз?
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:43
Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 23 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:11
Нұр-Сұлтанда тасжол опырылды: мердігер компания жауапқа тартылады
Еркежан АРЫН 18.04.2021, 02:26
Қазақстан Қарулы Күштерінде бақылау тексерісі жүргізіліп жатыр

Аңдатпа


  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08