Атырауды көгалдандыруға жыл сайын қаражат бөлінгенімен бәрі бәз қалпында

24.07.2019, 02:44

4

Атырауда Құрманғазы мен Бейбарыс көшелерін кеңейтумен айналысып жатқан жұмысшылардың талдарды алып тастап жатқанын көрген қала тұрғындары жергілікті басшылыққа көптеп шағымданған болатын. Алайда, мәселеге түсінік берген қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі олардың «кеуіп кеткен теректер екенін, сол себепті алаңдауға негіз жоғын» айтып отыр.  
— Теректерді кеуіп кеткендіктен аптап ыстық кезде басқа жерге қайта отырғызуға негіз жоқ. Жолдарды кеңейту жұмыстары аясында осы көшеге әр түрінен екі-үш жылдық, биіктігі бір жарымнан екі жарым метрге дейін жететін 2400 терек егіледі. Олардың бәрін тамырымен бірге әкелеміз, түгел  сертификатталған, — деп түсіндірді аталған бөлімнің басшысы Қуандық ҚАСЫМОВ.
Оның айтуынша, бұл жердегі топырақтың сортаң екендігі ескеріліп, тұзға төзімді жыңғыл, тораңғы, қына ағашы сияқты талдар өсірілмек. Өкінішке қарай, дәл осы Бейбарыс даңғылына 2009 және 2011 жылы егілген талдар аса өркен жайып, көктеп кеткен жоқ еді. Ал қалалық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен алған ресми жауапқа сүйенсек, 2016-2018 жылдары қаланың орталық көшелерін күтіп-ұстаумен және гүлзарлар отырғызу жұмыстарын ашық конкурс қорытындысымен «Қазақ саңыраулар қоғамының» Атырау оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі сатып алыпты. Осы мақсатта 2016 жылы  — 328 141 мың теңге, 2017 жылы – 297 214 мың теңге, 2018 жылы – 400 000 теңге қаражат бөлінген. 
Мұны азсынсаңыз, биыл мұнайлы астананы көгалдандыру үшін рекордтық сома — 4 млрд 696 млн теңге қаражат бөлу қарастырылған. Бұған дейін жоба облыстық мәслихат тарапынан мақұлданды да. 
-Бұл қаражат бірден емес, бес жыл бойына 877 млн теңгеден бір млрд теңгеге дейін бөлініп отырады. Бюджет қаржысын бөлерде компанияның жасаған жұмысының нәтижесі есепке алынады, — деген болатын Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды басқару басқармасының басшысы Қадыржан АРЫСТАН.
Қазіргі күні тендерді жеңіп алған «Каспийдормотострой» бес жыл ішінде Атырау қаласында 25 мың тал, 12 мың шаршы метр жерге гүлзар егеміз деген уәде беріп отыр. 
-Біріншіден, біздің жұмысымыздың нәтижесін облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды басқару басқармасы жіті қадағалап отырады, екіншіден, біз техниканы, адам күшін сырттан алмаймыз, барлығын өзіміз қамтуға тырысамыз, — дейді«Каспийдормостострой» ЖШС өкілі Леонид ЗАДЕРНЫЙ. Оның бұлай деуі негізсіз емес, бұрын-соңғы көгалдандыру бойынша тендер ұтып алған мекемелердің жұмысы нәтижесіне қарап бағаланбаған және олардың бұл шаруамен айналысуға қаншалықты сақадай сай екендігі де есепке алынбаған. 
Осылайша, Атырауды жасылдандыру ісінде сылтау көп те, «біздерде мынадай ба, мынадай бар» деп ауыз толтырып айтатындай жетістік жоқ. Ол үшін жыл сайын қаражат бөлініп отырғанын халық көріп-біліп отыр. Жергілікті топырақ құнарсыз, сортаң, оған көп тыңайтқыш керек, күш керек деп есептегеннің өзінде мұнайлы қала қазіргі дейін джунглиге болмаса да, жасыл-желегі жайқалған қалаға айналатындай  еді. Шаһарда көк өскіннің тапшылығы, әсіресе, қазіргідей төбені тескен аптап күндері аңғарылып тұр. Ыстықта бой тасалайтын талдың тапшылығы аздай, фонтандар да осымен екінші жыл жөнделіп жатыр. Дегенмен, бұл – басқа әңгіменің тақырыбы. 


Фото автордікі 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34