Атыраудың үйлеріне ұлы тұлғалар бейнеленбек

30.04.2019, 18:32

131

Атыраудың көп қабатты үйлерінде әудемжерден көз тартатын әсем суреттер пайда бола бастады. Жақында «Балықшы»ықшамауданындағы тұрғын үйге салынған суретте бекіре, сазан, шортан сияқтытүрлі балықтар бейнеленген. Осындай, бірақ, басқаша көріністер алдағы уақыттақаланың «Авангард», «Нұрсая» ықшамаудандарында да пайда болмақ. Жобаны жүзегеасырушылар Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының оқытушылары – МейірбекЖағыпашев, Мирас Джангужиев және Асылбек Бахтияр.

— Қала үйлерін көркемдеу жөнінде қалабасшылығы ұсыныс берді. Әрі қарай біз өз эскизімізді ұсынамыз. Суреттерді қайүйлердің қабырғасына салуға болатынын компьютер көмегімен анықтап, сәулетмекемесінің талқысына салып, келісеміз, — деп түсіндіреді Мейірбек.

Атырауда бұған дейін Вокзал маңыықшамауданындағы бір үйге Ресейден суретшілер жалдап, сурет салған. Көркемөнертуындысы арада жыл өтпей-ақ өңін беріп, кей тұстары түсіп те қалған еді. Алатыраулық суретшілердің Қазақстан ғана емес, Еуропаның онға тарта еліне барып,  жинаған мол тәжірибесі болып шықты. Айтқандай,үшеуі де – өздері еңбек етіп жатқан Кіші өнер Академиясының түлектері,Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын бітірген. Сурет салу менұстаздықтан бөлек, дизайн интерьерімен, скульптурамен айналысады.

Келешекте мұнайлы астананың сегіз үйінкөркемдеу жоспарланған. Оның төртеуіне өңірден шыққан атақты тұлғалар — Махамбет батырдың, күйшілер Құрманғазы мен Динаның және Бейбарыс сұлтанныңпортреттік суреттері салынбақ. Ал жастар ресурстық орталығы тақырыптық суретпенбезендіріледі.

Суретші жігіттер тоғыз қабаттық үйлергеарнайы техникамен көтеріледі, сақтандыру мақсатында белдеріне белдік байланған.Өкінішке қарай, сәні кіріп қалған үйлерді вандализм деген құбылыстан ешкім десақтандыра алмайды. Сол себепті, суреттер «шимайлап» кеткісі келгендердің қолыжетпеуі үшін төменгі қабаттардан жоғарырақ салынады.

— Балықшыдағы үйдегі суретті екіншіқабаттан бастағанбыз. Кейін барып қарасам, астыңғы жағынан шатпақтап, не болсасоны жазып, бүлдіріп кетіпті. Соны көріп, бағытымыздың бұрыс екеніне көзжеткіздім, — дейді Мейірбек Жағыпашев.

Фотоавтордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:45
«Биылдың өзінде 200». Nur Otan үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін қалай шешеді
Сайт әкімшілігі 13:38
Алматының дәрігерлері Бекшин айтқандай "құрылыс костюмін" киіп жүр ме?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 09:27
Он жылдан бері ауызсуға зәру
Серік ШАЙМАН 08:40
«Алло, Ахметов мырза! Сіз неге үндемейсіз?»
Сайт әкімшілігі 20.04.2021, 14:28
«Өтірік мәлімдеме». Бауыржан Байбек Жанболат Мамайдың айыптауларына жауап берді
Самал МАЕМГЕНОВА 20.04.2021, 13:51
Тәуелсіздік не берді?

Аңдатпа


  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32