Ауа райына байланысты 9 өңірде ескерту жарияланды

Сайт әкімшілігі

02.08.2022, 12:20

820

Қазгидромет РМК синоптиктері ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар өңірлерде ескерту жариялады, деп хабарлайды «Жас Алаш»

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында желдің екпікі 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында да найзағай күтіледі. Күндіз 36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында күндіз 35 градус қатты ыстық болады.

Ақтөбе облысында жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың солтүстік-батысында бұршақ жауады.  Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Абай облысында күндіз бұршақ жауады.  Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында күндіз найзағай ойнайды.

Шығыс Қазақстан және Павлодар облысында күндіз бұршақ жауады.  

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай және дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Тегтер: ауа-райы болжам жол жабу көлік қозғалысы қауіпсізідік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 15:51
Қазақстанда оқу жылы 31 мамырға дейін ұзаруы мүмкін
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 15:11
ШҚО тұрғындары ауыл әкімін сайлау әділетсіз өтті деп шағымдануда
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 09:12
«Мектепке жол». Атырауда бірінші сынып оқушысына 10-сынып оқушысының формасы берілген
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 08:58
"Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 18:21
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 17:42
Қорғаныc министрлігі әскерде жұмыс істеген қыздың айыптауларына жауап берді

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49