Ауған соғысының ардагерлері Тоқашбаевты сотқа бермекші

30.09.2019, 17:52

4

Маңғыстауда Ауған соғысының ардагерлеріжурналистМарат ТОҚАШБАЕВҚА наразылығын білдірді. Әріптесіміздің «Бай-қуатты болайық» бағдарламасындаайтқан сөзін ардагерлер «жастай жазықсыз соғысқааттанған бізге қорлығы» деп есептейді. Журналист 24 қыркүйек күніНұртілеу ИМАНҒАЛИҰЛЫ жүргізетін«Бай-қуатты болайық» бағдарламасына барып, "Құндылықтарды қайта бағалау»тақырыбында пікір білдірген.

«Кабулдыңресми деректеріне қарағанда 1979 – 1989 жылдары совет одағының әскерлері 1,5млн ауғандықтарды қырып тастаған. Атқан, бомбалаған, тіпті еш аяушылықкөрсетпеген. «Біз Ауған соғысының ардагеріміз» деп кеудесін соғатындар үшінұятты жайт бұл. Ауған соғысына оларды тәуелсіз Қазақстан жіберген жоқ, олардыжіберген мемлекет баяғыда құрыған. Ал соғысқа қатысқан ардагерлердің бүгінгітаңда «Ауған соғысының ардагеріміз» деп мақтанып, әртүрлі жеңілдіктер сұрауғақақысы жоқ. Олар алып жүрген зейнетақысына риза болып, тыныш ғана өмір сүрсін.Олардың жас ұрпақпен кездесу өткізуі де қажетсіз нәрсе. Өйткені олар бейбітжатқан елге басып кіріп, біз соларды қырдық дейді. Бұйрық орындаушы болса,орындалған бұйрықтың психологиялық салмағымен өмірден өтсін», — дегенеді.

Басқосуда өздерінің моральдық соққыалғанын айтқан ардагерлер бір ауыз сөз біздің ғұмырымызды жоққа шығарды дейді.

— Бағдарламаны көпшілік көрді. Тыңдады, көңіліне түйді. Жастардың кейбірі естіп,мыналарың қанішер екен деуі де мүмкін. Марат Тоқашбаевты білеміз. 49-жылғыазамат. Ауған соғысы басталған уақытта ол да еңгезердей жігіт болды. Өрімдейжастардың не кінәсі бар еді ол кезде. Тарих — әр кезде де құнды. Айтар тілболса сол кезеңде ашып айтар еді ғой. Өткен кезеңнің ақ-қарасын талқыға саларҚұдай ғана. Ауған барған жігіттердің кейбірінде әлі баспана да жоқ. Үкімет бұлмәселеге көңіл бөліп, үн қатуы керек, — дейді облыстық ауған соғысы ардагерлеріұйымының төрағасы Байрам МАМЕДОВ.

Дегенмен, араға көп уақыт салмай МаратТоқашбаев ардагерлерден кешірім сұрап, әлеуметтік желіге бейнежазбасын жолдағанболатын. Бағдарламада айтқан деректерінің шындығына күмән келтірмейтінінжеткізген ол«Эмоцияға беріліп, артық сөйлеген жерлерім болса, ардагер інілерімненкешірім сұраймын!» деген. Бірақ маңғыстаулық ардагерлер журналистің заң алдында жауапқатартылуын сұрап, тиісті жерлерге шағымданамыз деп отыр.


Фотоларды автор ұсынды.



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 17.09.2020, 11:16
Кәдеге аспаған диплом
Б. НҰРЛЫБАЕВ 17.09.2020, 11:03
Бар кінә өзімізде
Мариям МАҚСАТ 17.09.2020, 09:26
Жетімдердің жанайқайы мемлекет оларға қашан үй береді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:10
«Тұрмысты түзейді»
Сайт әкімшілігі 16.09.2020, 15:53
Қазақстандықтардың қарызын кешіру ұсынылды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04