Ауғанстанмен терроризмге қарсы екіжақты келіссөздер жүргізілді

Сайт әкімшілігі

03.09.2020, 12:45

82

Осы жылы 28 тамызда Ауғанстан Президентінің арнайы өкілі мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Талғат Қалиевтың АҚШ Мемлекеттік департаментінің лауазымды адамдарымен арнайы тапсырмалары бойынша бейнеконференция өтті. Келіссөздер барысында тараптар терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Соғыс аймақтарынан оралған қазақстандықтарды әлеуметтік оңалту және реинтеграциялау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сұхбаттасушылар жұмыс жасайтын байланыстарды одан әрі қолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізе отырып, қазіргі өзара әрекеттестікке деген қанағаттанушылықтарын білдіріп өтті.

Алматы қаласының әлеуметтік даму басқармасы жанындағы кеңес беру және оңалту орталығының қызметкері, психолог Бауыржан Ахметов террористер мен экстремистердің жұмыс алгоритмі жөнінде былай дейді:

— Дәстүрлі емес деструктивті діни ағымдардың көптеген жақтаушылары өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін қорқыту, психологиялық қысым жасау арқылы әрекет етеді. «Бізбен бірге емес, бізге қарсы» деген пікірді ұстанып алған. Олар қатаң, жауыз әрекеттер ғана нәтиже береді деп сенеді. Жоспарларын жүзеге асыру үшін, осы әрекеттерін әділеттілік үшін күрес деген ұранды жамылып алған. Яғни, Құдайдың атын жамылу арқылы методологиялық тұрғыдан идеология қалыптастыра отырып, адамдармен манипуляция жасайды.

Бүгінгі күні мемлекет экстремистік және террористік сипаттағы жағдайлардың алдын алу, болдырмау, анықтау және жолын кесу бойынша тиімді шаралар кешенін қабылдауда.

Атап айтсақ, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл шеңберінде «Қазақстан Республикасында 2013-2017 және 2018-2022 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» мемлекеттік бағдарламалар бекітілген. Осы бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік органдар қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шараларды қабылдауда адамның, қоғамның және мемлекеттің діни экстремизмнің зорлық-зомбылық көріністерінен және терроризм қатерлерінен қауіпсіздігін қамтамасыз етіледі.

Өз кезегінде, жергілікті атқарушы органдар, әкімдіктер халық арасында профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатыр, сол арқылы адамдардың радикалды діни идеологияға деген иммунитетін арттыруға атсалысуда.

Нақтырақ айтсақ, дін саласындағы жоғары білікті сарапшылардың қатысуымен түсіндірме, кеңес беру және қалпына келтіру сипатындағы көп форматты іс-шаралар кешені өткізілуде. Кәсіби теологтар, психологтар адамдармен әңгіме жүргізіп, радикалды бағыттағы адамдардың туыстарына да консультациялар беріледі, оларға да жан-жақты көмек көрсетіліп отыр.

Еркежан АРЫН

Тегтер: терроризм экстремизм сыртқы істер министрлігі

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 13:50
Қазақстанға құс тұмауын жабайы құстар әкелген болуы мүмкін
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 11:16
Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 09:34
Өткен тәулікте пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 26.09.2020, 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 26.09.2020, 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 26.09.2020, 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Аңдатпа


  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16
  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43