Ауыл халқы екі жылдан бері қоғамдық көлікке зар болып отыр

Сайт әкімшілігі

10.08.2022, 10:43

1277

Жамбыл облысында бүтін бір ауыл халқы екі жылдан бері қоғамдық көлікке зар болып отыр. Автобус жоқтығынан жұрт қалаға таксимен қатынап, шығындалуға мәжбүр. Наразы жұрттың сөзінше, билік өкілдері бұл жағдайды біле тұра, мәселені шешуге асықпайды. Ал шенеуніктер қоғамдық көліктердің тоқтап қалуына тұрғындардың өзі кінәлі деп отыр, деп хабарлайды Жас Алаш КТК арнасына сілтеме жасап.

Венера Әбішева төрт баланың анасы. Ол айран, сүт сатып күнін көріп отыр. Тауарын күнде Бесағаштан 20 шақырым жол жүріп, Тараздағы базарға өткізеді. Бірақ жергілікті тұрғын бұл кәсіптің де берекесі кетіп барады деп қынжылады. Өйткені тапқан табысымның басым бөлігі жолақыға жұмсалады дейді.

Жұрттың сөзінше, ауылдан қалаға қатынайтын автобустың тоқтағанына екі жылға жуықтаған. Содан бері тұрғындар таксиге шығындалуға мәжбүр екен. Жалпы елдімекенде төрт мыңға жуық халық болса, бәрінің көрген күні осы.

 «Қаланың ішіне баратын болсаң, екі, үш рет ауыстырып барасың. Ары-бері бірталай қаражат кетіп жатыр. Бұл үйден бес адам шығады. Сонда бір үйден 5 мың теңге жолақыға кетіп жатыр», — дейді Бесағаш ауылының тұрғыны Сағын Қайназаров.

Ал шенеуніктер ауыл арасындағы автобус қозғалысының тежелуіне небәрі екі ай болды деп бет бақтырмады. Оған тұрғындардың өзін айыптады. Бұқара жолақының бағасы өте қымбат деп қоғамдық көлікке мінуден бас тартыпты. Адам болмаған соң, тасымалдаушылар да жұмысын тоқтатқан. 

 «Біз үш рет әкелдік автобусты. Осы жақында ғана екі ай бұрын Маратты да шығарды. 150 теңгеге жүрмейміз деп бас салды. 150 деген қымбат, әкімшілік қайда қарап отыр деп. Алды да, кетті де қалды. Оның үстіне бәрі таксиге мініп кетеді», — дейді Бесағаш ауыл аймағы әкімі аппаратының бас маманы Әмина Мұхамедқалиева.

Айқай-шу шыққан жерге алып-ұшып жеткен ауылдың атқамінерлері автобустың мәселесі екі аптада шешіледі деп сендіреді. Ол үшін таксилердің жұмысын тоқтату қажеттігін айтады. Тек содан кейін ғана қоғамдық көліктер қайта қатынайды дейді.

Тегтер: қоғам пікір пайым парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 23.09.2022, 14:38
Қазақ балалары – Венада
А.ЖАБАЙ 23.09.2022, 08:37
Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
Жадыра МҮСІЛІМ 22.09.2022, 17:25
Скринг саулықтың кепілі ме?
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 16:14
"Орташа тариф 250 теңге болады" - Алматы әкімдігі автобустарда жол жүру ақысы туралы айтты
Нұрлан ТОБАҚАБЫЛОВ 21.09.2022, 08:48
Министр мұғалімдерге «мат» қойды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2022, 14:47
Жебе ұшындағы бөгет кімнің мүддесін көздейді?

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41