Ауыл инфрақұрылымын дамытуға 800 млрд теңге бөлінді

Еркежан АРЫН

27.04.2021, 09:00

1286

Бүгінгі күні қазақ ауылдарында 7,7 миллион адам тұрады, бұл елдегі жалпы халықтың 41 пайызын құрайды.

Ендігі уақытта бес жыл ішінде ауылдағы инфрақұрылым мәселелерін шешуге 800 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр.

Қазір елімізде «Ауыл – Ел бесігі» жобасы жүзеге асырылуда. Оның басты мақсаты – инфрақұрылымды модернизациялау арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту. Жоба шеңберінде барлық қазақстандық ауылдардың ішінен 88% ауыл тұрғындары тұратын даму әлеуеті бар ауылдардың 3,5 мың елді мекені таңдалды.

Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 1,3 миллион адам тұратын 480 ауылды дамытуға 105 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бойынша мыңнан астам жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев;

— Ауылдағы инфрақұрылым мәселелерін шешу үшін бес жыл ішінде 800 миллиард теңге бөлінеді. Бұл 3,5 мыңнан астам ауылдағы жеті миллион ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, — дейді.

2025 жылға қарай ауылдардағы өмір қандай болады? Министрліктің жоспарына сәйкес, 2025 жылға қарай ауыл тұрғындарын сумен жабдықтау қызметтерімен 100% қамтамасыз етуге қол жеткізіледі. Сондай-ақ барлық ауыл тұрғындары үшін жоғары жылдамдықты интернетке қол жетімді болады.

Жергілікті жолдардың 95%-ы жақсы жағдайға жеткізіледі деген болжам бар. Ал құрылыс және жөндеу жұмыстары ауылішілік жолдардың 10 мың шақырымын қамтитын болады. Сонымен қатар, ауылдық жерлерде 24 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Жеке тұрғын үйлер салу үшін қажетті инфрақұрылым 110 мың жер учаскесімен қамтамасыз етіледі. Жалпы, 12 мың шақырым инженерлік желілер салынып, жаңғыртылады.

Минитрліктің мәліметінше, агроөнеркәсіптік кешендегі 845 инвестициялық жобаны жүзеге асыру ауылда 500 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Ауылдық жерлерде білім берудің сапасы мен қол жетімділігін арттыру шеңберінде бес мың мектепті жаңарту және 315 жаңа мектеп салу жоспарлануда. Барлық ауыл мектептері білікті мұғалімдермен қамтамасыз етіледі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды 100% қамтымақ.

Сонымен қатар, 1719 спорт нысаны мен 748 мәдениет нысанын салу және жаңарту жоспарланған.

Жоғарыда аталған шаралардың барлығы ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін едәуір жақсартады, кірістерді көбейтеді және ауылдық жерлердің дамуына жаңа серпін береді деген сенімдеміз.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев өз жолдауларында ауылдың мемлекетімізді дамытудағы маңызды рөлін ерекше атап отыратын. Ауыл тұрғындары мемлекеттің қолдауын белсенді қолданып, наубайхана, тігін шеберханаларын және басқа да көптеген кәсіпкерліктер аша алады. «Ауыл – Ел бесігі» сияқты бағдарламаның енгізілуі ауыл экономикасының дамуына елеулі көмек көрсетеді. Ауыл шын мәнінде үлкен экономикалық және рухани әлеуетке ие, оны барлығымыздың күшімізді біріктірген жағдайда жүзеге асыруға болады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17.01.2022, 10:30
ТЖ кезінде 68 жанармай құю станциясы зардап шекті - Алматы әкімдігі
Сайт әкімшілігі 15.01.2022, 22:02
Ө.Шөкеев: «Сайрам ауданының тәжірибесін қолдану керек"
Сайт әкімшілігі 14.01.2022, 09:02
Бір тәулікте 10 мыңнан аса COVID-19 жұқтырған
Сайт әкімшілігі 13.01.2022, 18:02
Алматыда өртенген әкімдік ғимараты тазартылып жатыр
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 13.01.2022, 11:17
Қарағандыда жедел жәрдем дәрігерлері Президенттен көмек сұрады.
Сайт әкімшілігі 12.01.2022, 16:06
Алматыдағы бүлік суреттері мен видеоларын қайда жіберу керегі айтылды

Аңдатпа


  • "Қазақстан халқына" қорына білім беру ұйымдары ақша аударуға міндеті емес
    17.01.2022, 14:00
  • Алматы трагедиясы: Бас прокуратура қылмысты толық аша ала ма?!
    14.01.2022, 08:54
  • Сағынтаев Алматыдағы бүлік кезінде қайда болды? (видео)
    13.01.2022, 09:30
  • Эпид ахуал күрделеніп барады. Бас санитардың қаулысы жарияланды
    14.01.2022, 08:39
  • Бүліктен бизнеске келген залал 100 миллиард теңгеден асты
    13.01.2022, 09:08