Ауылдағы зоопарк

18.06.2018, 13:40

162

Еркелеп аққан Есіл өзенінің сағасында үлкенді кішілі ауылдар жетіп артылады. Сол ауылдардың ішіндегі бірегейі Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты «Родина» ауылы. Осы ауылдың аты аталғаннан дәмі ауыздан айырғысыз сүт өнімдері еске түсе кетеді. Астана қаласын сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған аядай ғана ауылдың атағы аспандап тұр.[caption id=«attachment_13120» align=«alignnone» width=«1000»]«Родина» ауылы[/caption]1800 тұрғыны бар «Родина» ауылынан керектінің бәрін табасың. Ауылда орталықтандырылған су, кәріз, жылу жүйесі бар. Жанға керектінің бәрі табылатын  ауылдан тұрғындардың да кеткісі жоқ. Білім қуып, арман іздеп қалаға кеткен жастардың өзі туған жерге қайта оралып, қызмет етуде. Ауылдағы бір ғана қиыншылық дәрігер мамандардың жетіспеушілігі. Халқының басым бөлігі өзге ұлт өкілдерінен тұратын алақандай ауылды бірқатар қауым танып білуде. Жылына жүздеген саяхатшы келетін бұл ауыл туристік мекенге айналып бара жатыр.[caption id=«attachment_13121» align=«alignnone» width=«1000»]«Родина» ауылының тұрғындары[/caption]«Ауылымыздың тыныс тіршілігімен танысуға Қазақстанның өзге аймақтарынан бөлек, алыс жақын шет мемлекеттерден жылына 100-ден аса саяхатшы келеді. Біздің де мақсатымыз, жалпы осындай демалыс орындарын ашудағы ой — халыққа, жалпы адамзат баласына табиғатты қорғау басты міндет екенін ұғындыру. Сол арқылы өзімізді тәрбиелейміз әрі отандық туризмді дамытуға аз да болса үлес қосып келеміз», — дейді Андрей ВЕРЕВКИН «Родина» АФ ЖШС директорының орынбасары.[caption id=«attachment_13122» align=«alignnone» width=«1000»]Пони мен жылқы[/caption]Келген туристерді қызықтыратын бір мекен бар. Ол ауылдағы хайуанаттар бағы. Зоопаркте 8 пони, 4 бұғы, 3 қодас бар бүгінде. Жануарлардың барлығы Солтүстік Қазақстан облысынан әкелінген. Ауылда осындай хайуанаттар паркін ашуды ең алғаш Геннадий ЗЕНЧЕНКО ойлап, сол идеяны жүзеге асырды.[caption id=«attachment_13124» align=«alignnone» width=«1000»]Қодастар[/caption]Бүгінде осы зоопаркті он жылдан бері өзі басқарып келеді, қарамағында 4 адам жұмыс істейді. Хайуанаттар бағына жануарларды тамашалау үшін балабақшадағы балалардан бастап, мектеп оқушылары, ауыл тұрғындары қуана-қуана  келеді.[caption id=«attachment_13125» align=«alignnone» width=«1000»]Еліктер[/caption]Зоопарк қызметкерлері шағын бақты әлі де кеңейтпек ойда. Өнегелі ауылдың бұл дамуы өзге аймақтарға үлгі боларлықтай. Қазақстанның әр өңіріне осыншама көңіл бөлінсе туризмі дамыған алдыңғы қатарлы елге айналар ма едік кім білсін?!Фотолар автордікі.МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 24.02.2021, 16:40
Зарығып күткенмен әлеуметтік тұрғын үй беріле ме?
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 13:45
Қаражат жымқырған мәйітхана директорына қатысты тергеу аяқталды
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 12:00
Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы әшкере болды
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 10:07
Батпаққа батқан Алғабас тұрғындары әкімдіктен көмек сұрайды (видео)
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 09:49
Үлкен Алматы маңында ағаштар неге кесіліп жатыр?!
Сайт әкімшілігі 23.02.2021, 17:12
Nur Otan елорда, Алматы және Шымкент тұрғындары үшін не істемек?

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51