Ауылдарда су бағасы арзандайды: парламент заң қабылдады

Еркежан АРЫН

14.03.2021, 08:55

408

Қазір ауылда ауыз суға қойылған тарифтер қалаға қарағанда жоғары, бұған себеп — ауылдардың географиялық алыстығы, халық тығыздығының төмендігі және басқа да факторларды ескере отырып, сумен жабдықтау инфрақұрылымын салудың қымбаттығы. Ал енді аймақтардағы судың құнын төмендету үшін бұл шығындардың бір бөлігін мемлекет өзі өтейді деп сендіріп отыр.

Сенаторлар осы айда өткен екінші оқылымда «Су кодексіне», оның ішінде ауыл тұрғындары үшін су бағасын төмендету механизміне түзетулер қабылдады. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев:

«Ауылдарды сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету – мемлекет алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Депутаттар бастама етіп отырған бұл заң ауылдық жерлердегі сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге бағытталған маңызды қадам екені сөзсіз. Ұсынылып отырған нормалар аймақтардың дамуы мен жергілікті атқарушы органдардың тиімділігін арттыруға ықпал етпек», — деді.

Сенаторлар субсидиядан бөлек, су тарифтерін бекітудің жаңа механизмін де мақұлдады. Енді мұндай өкілеттіктер жергілікті өкілді органдарға – мәслихаттарға беріледі. Сонымен қатар, жаңа тарифті қабылдау кезінде олар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен адамдардың өмір сүру деңгейін ескеруі керек.

Ауыл тұрғындары үшін тариф орташа облыстық деңгейден жоғары болмауы керек. Қазір республикада жеткізілетін ауыз судың бір текше метрі үшін ең төменгі төлем 15 теңгені құрайды.

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік бойынша комитеттің қорытындысында бұл заң жобасының мақсаты – халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін аймақтардың уақытында субсидия бөлуі және алуы.

Заң жобасының міндеттері:

• халықты ауыз сумен қамтамасыз ету тәртібін оңтайландыру;

• жаңадан салынған ауыз сумен жабдықтау жүйелерін жеңілдік берілген объектілер тізіміне енгізуді жеделдету;

• ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету қызметтерінің құнын төмендету.

Заң жобасы қабылданған жағдайдакүтілетін нәтижелер:

• салынып жатқан жергілікті жүйелерді ауыз сумен қамтамасыз етудің альтернативсіз көздері болып табылатын ерекше маңызды жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінің тізіміне енгізу мерзімдерін қысқарту;

• өңірлер бойынша ауыз сумен қамтамасыз етуге субсидиялар бөлу мен алудың тиімділігін арттыру;

• аймақтағы орташа тарифтер мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, халыққа жеткізілетін 1 текше метр ауыз су үшін төлем мөлшерін анықтау;

• жергілікті атқарушы органдардың тәуелсіздігі мен жауапкершілігін арттыру.

Парламент Су кодексіне ауыз суды субсидиялау бойынша жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы өкілеттіктерді бөлу туралы түзетулер қабылдады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 03.12.2021, 11:30
Инстаграмның жетегінде кетпейік
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 10:30
Халыққа бермеудің амалы ма? Зейнетақы жинағын алу: жеткілікті деңгей екі есе өседі
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 08:44
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 12:44
Kaspi.kz мобильді ақша аударымына байланысты сұрақтарға жауап береді
Сайт әкімшілігі 01.12.2021, 13:00
Шымкентте жалдамалы пәтерден 22 жасар қыздың мәйіті табылды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 01.12.2021, 09:20
Қазақ-түрік лицейлерінің орнын немен толтырамыз?

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00