"Ауылды мұнай қалдықтарымен улап жатыр"

08.01.2020, 11:25

206

Жаңаарқа ауданының Мұқажан Жұмажанов ауылытұрғындары жер,суымыз ластануда деп дабыл қағуда. Бұл туралы «Жас Алаш» сайтының Қарағандыдағы өңірлік тілшісі хабарлайды.

Тұрғындардыңайтуынша, ауылға бес жүз метрдей қашықтықтағы жер қоршалып, мұнда желтоқсанайынан бастап «АспектСтрой » фирмасы қалдықтарды төге бастаған. Ауылдағыжұрт мұны  мұнай қалдықтары болуы мүмкін деп топшылайды. Бүгінде ауылдыңүстін жағымсыз иіс басып кеткен. Мұндағы жұрт «ертең осы маңға жайылғанмалымыз не болады, судың жағдайы не болмақ» деп дабыл қағып отыр. Осы қоқысалаңына жақын маңайда жұрт су ішіп отырған құдық бар екен. Өткен жылы маусымайында Жаңаарқа ауданы әкімшілігінің мамандары ауылда қоғамдық тыңдауөткізіпті. Онда елдімекеннің жанынан қоқыс алаңы ашылатынын жариялап, рұқсат сұраған.
«Егер бұл шыныменмұнайдың шламдары болса, бәрібір жер асты суларына қосылып кетеді ғой. Сондабіздің ішіп отырған суымыз не болады?Жаздағы қоғамдық тыңдауға менқатысқанмын,аудан әкімінің орынбасарына қарсы екенімді айтқанмын. Мұнда көп ауыл тұрғындарыкеле қойған жоқ. Келген тұрғындардың біразы үлкен кісілер, олар не болатынынаса түсіне қойған жоқ, шенеуніктердің айтқанына бас шұлғи салды. Қарсы болғанүш төрт адамды есепке де алмай шешім қабылдай салған. Бірақ мұнда қандайқалдықтың төгілетінін  ешкім ашып айтқан жоқ,керісінше бұдан ешкімге зиянболмайды деген болатын», — дейдіауыл тұрғыны Тән Өскембаев.
Тұрғындар жел тұрған кезде елді мекенде мұнайдың исі мүңкіп кететінін айтып,денсаулыққа залалы болар деп қауіптенеді.
Жаңаарқа ауданы әкімі Юржан Бекқожин ауыл тұрғындарының көтеріп отырғанмәселесіне қатысты «АспектСтрой» ЖШС бастығымен кездесу өткізіп,сөйлескенін мәлімдеді. Айта кету керек, бұлМұқажан Жұмажанов ауылында «АспектСтрой » ЖШС-нің мұнай қалдықтарын  қайта өңдеузауыты бар. Бұл зауыт 2019 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап жұмысқакіріскен. Мәселе осы зауыттың тастаған қалдықтарынан шығып отыр. Жаңаарқаауданы әкімшілігінің «ЖасАлаш» сайтына бергенмәліметі бойынша,бүгінде зауыттың жұмысын жағдайды анықтап алғанша уақытша тоқтатқан.«АспектСтрой» ЖШС бастығы Мерлен Мұхамедияров жұмыс барысында ауаныжәне суды ластамау мақсатында барлық қауіпсіздік тәсілдерін ұстанғанынмәлімдеді.
Алдағы уақытта Жаңаарқа ауданы әкімшілігі өкілетті органдармен бірлесіпсараптама жүргізетін болады.

Фото автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрболат ӘЛДИБЕК 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58