Ауылдықтар ауызсуға жарымай отыр

Мариям МАҚСАТ

29.10.2020, 04:59

1043

Павлодар облысының Май ауданында топтық су құбырының құрылысы осыдан 10 жыл бұрын басталған болатын. Алайда әлі күнге дейін бұл құбыр толық іске қосылмай, ауылдағы ағайын құдықтан шелектеп су тасуға мәжбүр. Ал жергілікті шенеуніктер тұрғындар түгіл, білдей бір министрдің өзін «топтық құбыр су таратып тұр» деп алдап соқты.

2010 жылы Май ауданында 15  елді мекенді таза ауызсумен қамтуы тиіс топтық су құбырының құрылысы басталып еді. Бірақ бұл жобаны жүзеге асыратын жөні түзу мердігер табылмай, пәлен кәсіпкер ауысып, бірінің ісін бірі жалғастырып, жоба әбден созылып кетті. Ақыры су құбырының құрылысына «Нұра топтық су құбыры» кәсіпорны кірісіп, өткен жылдың желтоқсан айында тиісті жұмыстарды аяқтады. Алайда арада бір жылға жуық уақыт өтсе де, таза су тұрғындардың бәріне бірдей жетпей отыр. Май ауданының тұрғыны Қайыржан Ахметовтің сөзіне қарағанда, Қызыл еңбек, Май, Ақжар ауылдарында ауызсу мүлде жоқ, ал аудан орталығы Көктөбе ауылындағы үйлердің тек жартысы қосылған.

«Таза ауызсуды бақандай 10  жыл бойы күте-күте шаршадық. Атқамінерлер «әне береміз, міне береміз» деумен келеді. Қарапайым тұрғындарды алдағанымен қоймай, жазда ауданымызға келген экология және геология министрі Мағзұм Мырзағалиевтің өзіне жалған ақпарат беріп, «барлық ауыл қосылды» деді. Ал іс жүзінде мүлде олай емес», – дейді Қайыржан Ахметов.

Шынымен де осы жылдың тамыз айында облысқа жасаған жұмыс сапары барысында Мағзұм Мырзағалиевке 4,4 млрд теңге жұмсалған жоба таныстырылған еді. Тіпті Май ауданынан бөлек, көршілес Ақсу қаласының бірнеше ауылын жарылқаймыз деп, уәдені үйіп-төкті.

«Құрылысы былтыр біткен су станциясы бүгінде ауданның 15 елді мекенін тегін таза ауызсумен тәулік бойы қамтып отыр. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап ауылдар орталықтандырылған су жүйесіне қосылды. Тәулігіне 4150 текше метр суды жіберуге қауқарлы станция бүгінде тек 2500 текше метр суды босатып отыр. Қуаттылық толық көлемде пайдаланбай отырғандықтан, Ақсу қаласына қарасты үш елді мекенді Май топтық су құбырына қосу мүмкіндігі қарастырылуда. Әзірше нақты тариф белгіленген жоқ. Тестік режимде таза ауызсу тұрғындарға тегін берілуде», – деген болатын «Нұра топтық су құбыры» кәсіпорны бас директорының орынбасары Әйгерім Ағжанова.

Бірақ бұл кәсіпорын топтық су құбырына қызмет көрсетуден бірден бас тартты. Бұған компаниядағы қаржылық қиындықтар себеп болғанға ұқсайды. Май топтық су құбырында жұмыс істейтін 11 қызметкердің еңбекақысына беретін 1 млн теңгені, 1,4 млрд теңге болатын жалпы шығындарды кәсіпорынның қалтасы көтермейді-міс. Сондықтан су құбырын «Қазсушар» мемлекеттік кәсіпорнының қарамағына өткізу ұсынылған болатын.

Құрылысы 10 жылға жалғасқан бір құбырды ары-бері тартқаннан тұрғындар зардап шегіп отыр. Шенеуніктердің айтуына қарағанда, бірнеше елді мекеннің әлі күнге дейін таза ауызсудың қосылмауына ауыл ішіндегі құбырларды іске қосу жұмыстарының аяқталмауы себеп болып отыр. Бұл істерді қараша айының соңына дейін аяқтап, Май ауданының барлығын бірдей сумен қамтуға кезекті рет уәде берді. Уәде орындала ма, әлде тұрғындарға тағы да талай жыл күтуге тура келе ме? Оны бір айдан соң көрерміз.

Тегтер: ауыз су тапшылық ауыл құбыр мәселе тұрғындар уәде әкім әкімдік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айжан БҮРКІТБАЕВА 12:54
«Мен орысша сөйлеуге міндетті емеспін»
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 12:41
Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10:53
Әкімдік мамандары жәрдемақы есептерде жіпке тізгендей тергеп түгендейді-көп балалы ана
Сайт әкімшілігі 09:40
Ақмола облысы коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа кірді
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 15:58
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылысқа қатысты жаңа деректерді жарияланды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 13:40
Нұр-Сұлтандағы дәмханада болған жарылыс: үш адам жансақтау бөлімінде жатыр

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56