Аягөз: «Ауыз сумен қамтамасыз етуді аяқтадық»

11.12.2019, 08:47

34

Биыл Шығыс өңірдіңбірқатар ауылдарында ауыз сумен қамтамасыз ету барысында бірқатар проблемалартуындағаны туралы «Жас алаш» тілшісі бұған дейін бірнеше мәрте жазған болатын.Әсіресе, Аягөз ауданында мемлекеттік бағдарламалар бойынша қолға алынғанжобалардың әртүрлі деңгейде тежелгені де аз жазылмаған болатын. Соған орай,жергілікті атқарушы билік сыннан қорытынды шығара отырып, ауыз сумен қамтамасызету жайын қалай жүзеге асырғанынан хабардар етті.

Аягөз ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі, автомобильжолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы БолатМұстафаевтың мәліметіне сүйенсек, 2017-2019 жылдар аралығында Аягөз ауданы бойынша ауыз суқұбыры құрылысы 6 нысан бойынша жүргізіліп, оған бөлінген қаражат2 342 336,7 мың теңгені құрайды.

Мәселен, «Қарағашауылында су құбыры желілерін және су іркуіш құрылысын салу» жобасын «Бота»ЖШС-і жүзеге асырған.Жалпы ұзындығы 8,2 шақырымға созылған су құбырықұрылысына 256 480 мың теңге жұмсалған. Орталықтандырылған ауыз суға 991адам қосылып іске қосу актісіне 30.08.2017 жылы қол қойылған. Бұл — «Нұрлыжол» бағдарламасы бойынша орындалған жоба.

-Жалпы айтқанда,Аягөз ауданында ауыз сумен қамтамасыз ету жайы толықтай аяқталды деуге болады. Тарлаулыауылында бойыншажалпы ұзындығы 23,7 шақырымсу құбыры желілерінжәне су іркуіш құрылысы жүргізілді.«Өңірлерді дамыту 2020 жыл»бағдарламасы бойынша«ПМК Құрылыс»ЖШС-інің жұмысты аяқтауына орай, 2017 жылдың қазан айында іске қосуғақол қойылды. Бұған бөлінген қаражат425 877,6 мың теңге. Нәтижесінде 1670 адам орталықтандырылған ауыз суға қолжеткізді.Сондай-ақ, Дөненбай ауылындағы сыртқы су құбырын және су бөгетқұрылыстарының алаңдар реконструкциялау»жобасыбойыншамердігер«Dike»ЖШС 254 735,9мың теңгенің жұмысын аяқтап отыр. Су құбырының жалпы ұзындығы 15,1 шақырым. Өткенжылдың қазан айында орталықтандырылған ауыз суға 1321 адам қосылды. Ал Өркенауылында мердігер«Бота»ЖШСұзындығы 11,8 шақырымға су құбырынтартып,327 137,4 мың теңгенің жұмысын аяқтады. Өркенде орталықтандырылғанауыз суға 875 адам қосылды,-дейді Аягөз ауданының ТҮКШ,жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясыбөлімінің басшысы Болат Мұстафаев.

Бюджеттің605 111,9 мың теңгеқаражатынаМамырсу ауылында су құбыры желілерін қайта жаңғырту»жобасы бойыншамердігер«ЮКО»ЖШС 20,9шақырымға ауыз су құбырын тартқан. Орталықтандырылған ауыз суға 2558 адам қосылыпты.Аяқталумерзімі 2018 жылдың қазанына белгіленгенімен,25.12.2017 жылы іске қосу актісінеқол қойылған.

Жобалардыңішіндегі ауқымдысы «Аягөз қаласында су құбырықұрылысы және су желілерін қайта жаңғыртудың 4 кезең»жобасы болатын.Аягөз қаласынауыз сумен қамтамасыз етуді міндетіне алған«Казэлектроинжиниринг»ЖШС 472 993,9 мың теңгенің жұмысынатқарыпты. Аталған мердігер компания жалпы ұзындығы 30,8 шақырымға ауыз суқұбырын тартып,2200 адам орталықтандырылған ауыз суменқамтамасыз етілген екен.

Жалпыайтқанда, Аягөз ауданы бойынша, орталықтандырылғанауыз сумен 9535 адам қамтамасыз етілген жайы бар.

Фотоны автор ұсынды

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:22
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарлы БАЙҒАНИН 09:16
Есектің еті ем, сүті саумал ма?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 25.11.2020, 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?
Дана Жарылқасынқызы 25.11.2020, 09:35
Арақ арқалатқан азап
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 09:30
Еліміздің төрт қаласында ауа ластанады

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42