Азаматы жайлы Алматы не дейді?

Айжан БҮРКІТБАЕВА

12.11.2020, 11:46

3532

Заманбек есімі Алматы қаласына қатысты жиі аталады. Әсіресе бейресми отырыстарда «Алматының айналасын ауылдан келген қазақпен қоршап берді ғой» деген сыбырға жуық сөзді де жиі естуге болады. Қазір алматылықтар өзге қалалардан өзгермеген советтік көшелерді көріп қалса, «бұлар әлі бар ма» деп таңданады. Себебі қала көшелерін қазақыландыру  басқа емес, осы Заманбектің кезінде жүріпті. Шіркін дейсің, өзге өңірлерге де бір-бір Заманбек әкім болғанда, біз әлі күнге «Ленин ескерткішін алып тастайық», «көшелердің атауын қазақшалайық» деп, өнбес дауды көңірсітіп жүрмес пе едік.

«Заманбек Нұрқаділов Алматының есінде несімен қалды?» деген сауалға жауап алу үшін қала көшелеріне шыққанбыз. Алайда камера мен микрофон көрсе сырт айналып қашатын қала тұрғындарын сөзге тарту оңайға соқпады. Бірі Заманбек Нұрқаділовті танығанымен, жауап беруге батылы жетпейтінін айтса, енді бірі асығыстығын сылтау етіп, сұрақты жауапсыз қалдырды. Өткен-кеткендер арасынан азғантай адаммен ғана тілдесу мүмкін болды.

Сауалнама барысында Заманбек Нұрқаділовпен бір оқу орнын тамамдаған Зәуреш Самалбекова есімді егде жастағы кісіні кездейсоқ кездестіріп қалдық.

— Заманбек екеуміз бір өңірдің тумасымыз. Ол политехникалық институтта сәулетші мамандығын тамамдаған. Мен де сол оқу орнында оқыдым. Ол халықтың жанашыры, қорғаны болатын. Үйсіз-күйсіз жүрген қазақтарға жер беріп, баспанамен қамтамасыз етті. «Жетім бұрышта» отыратын адамдарға талай рет қол ұшын созды. Біз онымен әлі де мақтанамыз. Нағыз қазақ ұлты үшін туған ержүрек, батыл, адал басшы болатын. Ешкімнен қорықпай, теріс бағыттағы билікке ашық, анық сөйлейтін. Біз ол кісіні ешқашан есімізден шығарған емеспіз. Әттең, өмірден ерте кетті, – дейді ол.

Заманбек Қалабайұлы жайлы замандас, қатарлас жандардан бөлек, жастар арасында білікті басшының бейнесі қалай қалыптасқанын сұрап көрдік. Аңғарғанымыз, жас буынның бүгінгі билікке көңілі толмайтын көрінеді. Әділ әкімнің адал еңбегін сағынатынын айтады.

Тұрсын БАЙДІЛДӘ, Алматы қаласының тұрғыны:

– Шоқтығы биік азаматтың шырағы ерте сөнді. Көзі тірі болса, талай дүниенің дөңгеленуіне дәнекер болар еді. Жылаған жесір, қаңғыған жетім болмас еді. Себебі қазақтың көзінен жас тамса Заманбектің жүрегі жылайтын. Қазір баспанасыз қазақтар босып жүр. Соларды ойлап жатқан бір адам жоқ. Біздің бағымызға енді Заманбектей зор азамат бұйыра қоймас.

Ерболат КЕНЕН, қала тұрғыны:

– Заманбек ағамыз халықтың жүрегінде орын алған адам. Не істесе де, қазақ үшін деп істейтін. Ең бастысы, қарапайым басшы еді. Ол міндетті түрде көшеге шығып, халық арасында жүретін. Тұрғындарының жағдайын білу үшін базарларға келіп, өз көзімен көріп кетуге тырысатын. Қазіргі қала әкімі Сағынтаев секілді жылы орнынан қозғалмай отырған адам емес. Бүгінгі әкім көше араламақ түгіл, алдына жылап келген аналарды тіпті қарсы алмайды да. Сондықтан біз Заманбек ағадай басшыға зәруміз.

Салтанат ӘБІЛҚАСЫМОВА, қала тұрғыны:

– Заманбек Нұрқаділов – бір ғасырда бір туатын адам. Оның тұсында алақан жайып қайыр сұрап отырған бір адам болмайтын. Тіпті өткен-кеткеннен «жұмысың бар ма» деп сұрайтын кездері де болған. Қазақ тілін, халқын құрметтейтін, жақсы көретін. Талай жанның көз жасын сүрткен азамат еді. Тірісінде қадіріне жетпегендер аруағын сыйлап, ардақтауға шамасы жететін шығар деп ойлаймын.

Әрине, уақыт өтеді, керуен көшеді. Сауалнама барысында егде тартқан кісілер болмаса, кейінгі жастардың көбі Заманбек есімін білгенмен, оның нақты қандай жұмыс тындырғанын, елге қандай жақсылық жасағанын онша білмейтінін байқау қиын емес. Бұл да, сөз басында айтқандай, Заманбек Нұрқаділов есімі аталғанда биліктің әлі күнге үнсіз қалып келе жатқанынан, замандастарының бастарын ала қашатынынан

Тегтер: азамат тұлға пайым парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 27.02.2021, 21:54
Түркістанда бір отбасыда бес адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 16:19
Байбек: Депутаттарымыздың қоғамдық рейтингі енгізіледі
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 15:36
Алматы облысында АН-2 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 26.02.2021, 09:05
Өлейін десең – жан қымбат, өлмейін десең – дәрі қымбат
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 25.02.2021, 16:42
Қарағандыдағы той: судья «кінәлі» болмай шықты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 24.02.2021, 16:40
Зарығып күткенмен әлеуметтік тұрғын үй беріле ме?

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51