Азаптау және лауазымын асыра пайдалану бойынша 16 іс тергелуде

Қуаныш Әбілдәқызы

23.01.2022, 11:35

1049

ҚР Бас прокуратурасы бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжановтың  мәлімдеуінше Қазақстанда азаптау және полицейлердің лауазымын асыра пайдалануына қатысты 16 іс тергеліп жатыр. 

«Кісі өлімі, азаптау, тұтқындалғандарға қатысты лауазымын асыра пайдалану деректері бойынша істер тергелуде. Жалпы Қазақстан бойынша 16 қылмыстық іс тіркелген», — деп хабарлайды Жас Алаш газеті. 

Оның сөзінше, қазіргі уақытта прокуратураға тергеу барысында азаптау және азаматтың құқығын бұзуға қатысты полицейлердің үстінен 91 арыз келіп түскен. 

"Әр қайсысын тексереміз. 19 арызда көрсетілген тәртіп бұзушылықтар анықталмады. 56 арызға қатысты тексеріс жұмыстары әлі жалғасып жатыр", — деп қосты Елдос Қилымжанов. 

Елдос Қилымжанов 12 қаңтарда заңсыз қамауға алынған 24 қала тұрғынының босатылғанын мәлімдеді. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жарлы БАЙҒАНИН 05:08
«Құдай маған форточкадан береді»
Сайт әкімшілігі 16.05.2022, 14:59
Мектептегі зорлық: ата-аналар іс жабылып қала ма деп қорқады
Бифат НҰРМАХАН 13.05.2022, 13:00
Бала құқығы – басты құндылық
Нұрболат ӘЛДИБЕК 13.05.2022, 10:45
«Көне Тараз» құлағалы тұр
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 13.05.2022, 07:59
BI Group-тың былығы тексерісті қажет етеді
Сайт әкімшілігі 12.05.2022, 18:50
ҚР Кәсіподақтар федерациясының республикалық штабының алғашқы отырысы өтті

Аңдатпа


  • Мәскеуменен Тәшкеннен көш келеді
    12.05.2022, 08:30
  • Әскердегі әлімжеттік пе, әлде?..
    12.05.2022, 08:12
  • Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
    12.05.2022, 08:07
  • Қазақша оқыт балаңды!
    05.05.2022, 05:30
  • "Өгіз мүдде"
    05.05.2022, 05:27