Азат ой: Қазақтан шыққан тұңғыш модель

13.02.2019, 15:48

162

Дүниежүзіне әйгілі дизайнер Кристиан ДИОРДЫҢ сән әлеміне келіп, бренд жасуының өзі бір тарих. Соғыстан соң, елдің еңсесін эстетика және әдемілік арқылы көтеру саясаты басталған еді. Бұл идея әлі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ. Ал сол жылдары әйгілі дизайнердің шабытына қанат бітірген қазақтың қызы екенін білесіз бе? Кристиан Диордың №1 моделі болған Алла Елшін туралы белгілі экономист, дипломат Берлин ИРИШЕВ «Диордың музасы» деген кітап жазды. Автор 1996 жылдан бері Францияда тұрады. 2018 жылдың жазында Б.Иришев Леон ЗЕЙТЛАННЫҢ көрмесіне барады. Көрмедегі бір сурет оның назарына ілігеді. Себебі оның бет пішіні қазақ қызына ұқсайтын еді. Сол суретті сатып алған автор ізденіп, модельдің шынымен де қазақ қызы екеніне көз жеткізеді. Архив құжаттарын ақтарады. Ұлымен кездеседі. Алла Елшіннің отбасы қазақ жерінен Қытайға өтсе керек. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Алла Елшін  Францияда партизан болған.Соғыс біткен соң, К.Диордың моделі болған. Ол — қазақтан шыққан тұңғыш модель.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 27.02.2021, 21:54
Түркістанда бір отбасыда бес адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 16:19
Байбек: Депутаттарымыздың қоғамдық рейтингі енгізіледі
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 15:36
Алматы облысында АН-2 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 26.02.2021, 09:05
Өлейін десең – жан қымбат, өлмейін десең – дәрі қымбат
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 25.02.2021, 16:42
Қарағандыдағы той: судья «кінәлі» болмай шықты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 24.02.2021, 16:40
Зарығып күткенмен әлеуметтік тұрғын үй беріле ме?

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51