Азаттықтың Орталық Азия қызметтері құрылғанына 70 жыл толуына орай медиафорум өтті

Сайт әкімшілігі

14.09.2023, 23:15

878

14 қыркүйек күні Алматыда Азаттық радиосы Орталық Азия редакцияларының ашылғанына 70 жыл толуына орай ұйымдастырылған медиафорум өтті. 

Бір күнге созылған медиафорумда бірнеше панельдік талқылау болды. Онда радионың өкілдері мен арнайы шақырылған спикерлер аймақтағы баспасөз еркіндігінің жай-күйін талқылады, сонымен қатар азаматтық бостандыққа әсер ететін факторлар және Орталық Азиядағы демократияның дамуы туралы пікір алмасты. Форум барысында редакция өкілдері журналистік зерттеу, төтенше оқиға орнынан ақпарат тарату, сайт бұғатталған жағдайда оқырманмен байланыс орнату тәжірибелерін бөлісті.

АЕ/АР президенті міндетін атқарушы Джеф Гедмин форум қонақтарына бағыттаған видеомәлімдемесінде Орталық Азия аумағындағы тәуелсіз журналистиканың маңыздылығын атап өтті.

Оның сөзінше, Орталық Азия аумағы мен постсоветтік кеңістік, кейбір дамыған елдер (бәлкім, бұрын-соңды болмаған дәрежеде — Д.Г.) демократия, либерализм, сөз бостандығы мен тәуелсіз БАҚ-қа шабуыл мен қоқан-лоқыға кезігіп отыр. Ол Украинада жалғасып жатқан соғыстың құрбандарын еске салды.

Айта кетейік, қазір Азаттық радиосының Қазақстанда, Қырғыз республикасында және Тәжікстанда (Озоди радиосы) бюролары бар. Сондай-ақ Өзбекстан (Озодлик радиосы) мен Түркіменстандағы (Азатлык радиосы) аудиториясына да ақпарат тарататын редакциялары жұмыс істейді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 15:31
Геология комитетінің төрағасы елдегі жерасты суының қоры қанша екенін айтты
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 12:57
Министрлер мен әкімдер қазақ тілін білуге міндеттеледі
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 11:40
Прокурор Қайрат Боранбаевқа 6 жыл сұрады
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 14:45
Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің соты басталды
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 14:03
«Камызяки» КВН командасының Қазақстандағы концерттері өтпейтін болды
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 12:23
Қайрат Боранбаев 90 млрд теңгедан асатын активті мемлекетке қайтарды

Аңдатпа


  • Әлем әдебиетін оқыту орыс әдебиетінен бас тарту ма?
    16.09.2023, 13:50
  • Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
    16.09.2023, 13:15
  • Алматыда Астана алаңы мен Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады
    16.09.2023, 12:52
  • Ет туралы ертегі
    16.09.2023, 12:33
  • Біздің қоғам шындықтан қорқады
    16.09.2023, 10:55