Азғындарға ешқандай жеңілдік жасалмайды

04.08.2020, 07:17

61


      Кәмелет жасына толмаған балаларға,әйелдерге  жасалатын зорлық-зомбылықтыңсоңғы кездері өте өзекті мәселеге айналғаны рас. Әсіресе жас балаларға қарсыжасалған жыныстық сипаттағы қылмыстар қоғамда қызу талқыланып жатыр.  Ондайларға өлім жазасын қолдану жөніндеұсыныс та бар.

Түркістан облыстық полициядепартаментінің таратқан мәліметіне қарағанда,  кәмелетке толмағандарға жыныстықтиіспеушілікке қарсы қылмысы үшін сотталған адамға ешқандай жеңілдік жасалмайды.
Мәселен, осыдан біраз уақыт бұрын Түлкібасауданында кәмелет жасқа толмаған қызды зорлау фактісі тіркелді. Күдікті күшқолдану қатерін төндіріп, жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, еркінентыс жыныстық қатынасқа түскен. Тамағына асхана шанышқысын тақап, «анаңдыпышақтап өлтіремін, түптеріңе жетемін» деп қорқытқан. Азғындыққа барған азаматұсталып, сот алдында тиісті жазасын алды. Ол Қылмыстық кодекстің  120-бабының3-бөлігі 3-тармағымен кінәлі деп танылып, педагогикалық және кәмелеткетолмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметпен айналысу құқығынан 10 жылмерзімге және 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Полицейлердің айтуынша, кәмелеткетолмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс үшін сотталған адамғашартты жазалар қолданылмайды. Сондай-ақ жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босатуға,жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруға нетағайындалған жаза мерзімін қысқартуға, процестік келісімнің талаптарыорындалған кезде қылмыстық жауаптылықтан босатуға, шынайы өкiнуiне байланыстықылмыстық жауаптылықтан босатуға, рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсiнегiзiнде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуға жол берілмейді.

– Жалпы, әрбірата-ана баласының қауіпсіздігі үшін қауіпсіздік

қағидаларын естен шығармағаны дұрыс. Ең алдымен кәмелетжасқа толмаған ұл-қыздарыңызды қараусыз қалдырмаңыздар. Егер балаларыңыз мектепжасында болса, олар өздерінің қайда, кіммен жүргені туралы үнемі хабарлапотыруы тиіс. Ересектер балаларға қауіпті жерлерде қыдыруға, сабақтан қашатын,қаңғыбастыққа бейім жасөспірімдермен дос болуға тыйым салуы қажет.
     Сондай-ақ ата-аналар подъезде, мектеп ауласында, балалар бақшасыныңмаңында еш мақсатсыз серуендеп жүрген жалғызілікті ер адамдарға назар аударуыкерек. Байқаған жағдайда дереу полицияға шағымданыңыз. Арам ниетті адамдар автокөлік ішінде отыруы да мүмкін.Сондықтан баланы сабақтан, үйірме мен секциядан ересектер күтіп алатындаймүмкіндік болмаса, сыныптастарымен бірге қайтуды ескерту керек, – дейдіполицейлер.
       Демографиялықөсім жағынан республикада алдыңғы орында тұрған Түркістан облысында әйелдергеқатысты жасалған зорлық фактісі биыл төмендеген. Атап айтқанда,  2018жылдың алты айында ондай фактілер 1043 болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 575-кеазайып отыр. Түркістан облысында 2 миллион адам болса, оның 514-і 14-29 жасаралығындағы жастар. Биылғы алты айда жастар арасындағы өз-өзіне қол жұмсау фактісібылтырғымен салыстырғанда 12 пайызға азайған.

Мұндаймәліметтер жуырда Түркістан облысында  тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіноңтайлы шешу жөніндегі онлайн-конференция арқылы өткен кеңесте айтылды. Облысәкімінің орынбасары С.Қалқамановтың төрағалығымен өткен жиынға ҚазақстандағыЮНФПА халықтың қоныстануы мен дамуы және гендер жөніндегі бағдарламалардыңұлттық үйлестірушісі Ғазиза  Молдақұлова, ЮНФПА ұлттық кеңесшісі Сағадат Сабитова, REFRAME тұлға дамыту орталығыныңдиректоры Гүлжан Вероцкая, «Сана-сезім» әйелдер бастамасы құқықтық орталығыныңбасшысы  Шахноза  Хасанова,Түркістан облысы «Көмек» баспанасы бар мемлекеттік дағдарыс орталығының басшысыМалика  Жүсіпова қатысты.

– Түркістаноблысында отбасында зәбір көрген азаматтарға жан-жақты көмек көрсету бойыншаауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұрын бұл мәселемен  облыстық отбасы, балаларжәне жастар басқармасы ғана айналысса, қазіргі таңда отбасы ахуалы және балаларарасындағы құқық бұзушылықты реттеуді облыстағы үш басқарма қолға алған. Бізашық диалогқа әрқашан дайынбыз. Өңірде отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі бірорталық ашумен шектелмейді. Бұл жайтқа стратегиялық тұрғыдан қарап, яғнипроблеманың түп-тамырын жоюға күш салуымыз қажет, – деді С.Қалқаманов.

Облыстағытұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берген ЮНФПАұлттық кеңесшісі Сағадат Сабитова Түркістан облысы тұрмыстық зорлықты жоюбойынша нәтижелі жұмыс көрсеткен, республиканың өзге облыстарына қарағанда алдыңғыорында екенін атап өтті. Айта кетері, облыста 2020-23 жылдарға арналғанқұқықтарды қорғау, балаларға жасалатын зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойыншажұмыс жоспары бекітіліп, осы жоспар бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Аталғанжұмысқа үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік емес оқу орталықтары тартылуда.Мәселен,  ардагерлер кеңесімен «Әкелермектебі» жобасы іске қосылса,  REFRAMЕ тұлға дамыту орталығымен мектеппсихологі, сынып жетекшісі, мектеп мейірбикесі және өзге де азаматтар қатысатын«Бестерек» жобасы жүзеге асуда.

Жиында кәмелеттікжасқа толмаған жасөспірімдердің құқығын қорғау мәселесі де сөз болды. Педофилдергеешқандай жеңілдік жасалмайтыны  айтылды.Қазіргі уақытта Азия, Африка, Американың көптеген елдерінде жас балаларғақатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандарға өлім жазасы қарастырылған.Қазақстан да кейінгі кездері педофилдерге көзделген жазаларды қатайтты. Соныңішінде оларға химиялық кастрация жасау шаралары қолданыла бастағаны белгілі.

Б.ЕРНАЗАР

Түркістан облысы


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:45
Бір тәулікте 689 адам коронавирус жұқтырды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 30.11.2020, 16:17
Адам өміріне араша түскен полицейлер марапатталды
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 13:59
"ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 11:53
COVID-19: 222 адамның жағдайы нашар
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 10:22
Коронавирустан 900-ден астам бала емделіп жатыр
Бифат ЕЛТАЕВА 30.11.2020, 09:56
Туған баласынан безінетіндер неге көбейіп кетті?!

Аңдатпа


  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05