Азық аспандамауы үшін өз өніміміз қажет

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ

13.10.2021, 14:06

876

Батыс Қазақстан облысы үшін күні бүгінге дейін ең өткір мәселелердің бірі күнделікті тұтынатын азық-түліктің қымбаттауы болып тұр. Мамандардың айтуынша, бағаның өсуіне басты екі себеп бар, олар: нарықтық факторлар және монополиялық немесе кәсіпкерлердің арасындағы баға келісімі.

Өндірушілердің жұмысындағы кідірістер, егіннің нашар шығуы, көлік-логистикалық қарым-қатынастың азаюы, жекелеген тауарлардың экспортын шектейтін елдердің протекционистік әрекеттері де жағдайды ушықтырды. Бұл тығырықтан шығудың негізгі жолы – жергілікті нарықта бәсекеге қабілетті тиімді жобалардың санын арттыру.

Қазіргі уақытта Ақ Жайық өңірінде азық-түліктің негізгі 24 түрінің 10 түрі (ұн, макарон өнімдері, нан, сиыр еті, қой еті, консервілер мен шұжықтар, қызанақ, қияр, тауық жұмыртқасы) жеткілікті мөлшерде шығарылады, бес түрі бойынша (картоп, пияз, қырыққабат, күнбағыс майы, тауық еті) жақсы өндіріс бар, бірақ жеткіліксіз, тоғыз тауар  (сәбіз, алма, пастерленген сүт, май, сүзбе, айран, күріш, қарақұмық, қант) көбінесе сырттан әкелінеді.

Енді жеке өндіріс көлемін ұлғайту үшін мынадай шаралар қолданылуда. Өңірде 740 мыңнан астам ірі қара мал бар. Тасқала, Казталов және басқа аудандарда ірі бордақылау алаңдары салынды, Янайкин ауылындағы бордақылау алаңы қалпына келтірілуде. 2025 жылға дейін инвестор тарту арқылы бордақылау алаңдарын толықтырып, онда мал санын 18 мың басқа дейін жеткізу жоспарлануда. Сондай-ақ облыста сиыр еті мен жылқы етін өндіру мен қайта өңдеуді дамыту жолға қойылды.

Қой еті бойынша өңірде 1,3 миллионнан астам мал басы бар. Қазіргі таңда Сырым ауданында асылтұқымды репродуктор құру жобасына инвестор іздестіріліп, Ақжайық ауданында мал бордақылау кешенін қалпына келтіру мәселесі қаралуда. Қой етін өндіретін басқа да жобаларға инвесторлар қарастырылуда.

Тауық еті бойынша жұмыс істеп тұрған құс фабрикасының өнімділігін жылына 5000 тоннаға дейін кеңейту жоспарланса, тағы да жылына 30 мың тонна құс етін өндіретін кәсіпорын салу бойынша шетелдік инвестормен келісім жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, Тасқала ауданында жылына 180 мың дана жұмыртқа беретін инкубатордың құрылысы басталды. Басқа да жобаларға инвесторлар қарастырылуда.

Жеміс-жидектер бойынша жалпы ауданы 165 гектарды құрайтын жобалар іске асырылуда, 2026 жылға дейін кемінде 150 гектарға бақша егу жоспарланды. Бұл сала бойынша да инвесторлар іздестірілуде.

Көкөністер (қызанақ және қияр) бойынша 17,5 гектар болатын заманауи жылыжайлар іске қосылып, 55 гектар алаңы бар жаңа заманауи жылыжайларға инвесторлар тартылды.

Сүт өнімдері бойынша Бөрлі және Теректі аудандарында жылына 10,3 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін жобалар іске асырылуда. Қазіргі таңда жылына 18 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін фермаға инвесторлар келді. Бұдан бөлек, Оралда қуаттылығы жылына 47 мың тонна сүт өндіретін сүт зауыты пайдалануға берілді.

– Күнбағыс майы бойынша жұмыс істеп тұрған комбинатты жылына 12,1 мың тоннаға кеңейту жұмыстары басталып, мұнда да инвесторлар тарту сатысына көтерілдік. Картоп пен сәбіз өндіруге инвесторлар іздестірілуде. 2,5 мың гектар алаңда жемшөп дақылдарын тұрақты суару жобалары басталып, суаруды кемінде 50 мың гектарға ұлғайту жөнінде жоспар бар. Заманауи көкөніс қоймаларының құрылысы басталды. Айта кету керек, инвесторлар үшін бұларға мемлекеттік қолдау (жер, инфрақұрылым, лизинг, кредит, субсидиялар және т.б.) жақсы, – дейді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

Өңірде әлеуметтік маңызы бар бастамалар, соның ішінде бағаны төмендетуге бағытталған бастамалар бизнес пен әкімдік арасында үнемі талқыланып отырады. Көптеген өндірушілер мен қайта өңдеушілер (ұн тарту және макарон комбинаттары, наубайханалар, күнбағыс майы комбинаты және басқалары) халықты қолдап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын көтермеуге тырысуда. Бұл үшін оларға жыл сайын мемлекет жеңілдетілген несиелермен және лизингпен қолдау көрсетіп келеді. Сондай-ақ салынған инвестиция көлемінің 15-тен 50 пайызына дейінгісін қайтарып, оларға электр энергиясының тарифі 19 пайызға төмендетіледі.

Облыста бөлшек сауда дүкендері мен супермаркеттер желісі сауда үстемесі бойынша 10 пайыздан аспайтын келісімді ұстануда. Бағаны негізсіз өсіретін делдалдарды анықтау бойынша комиссия құрылды. Соңғы айда тауық еті, қарақұмық жармасының бағасын негізсіз өсірген жағдайлар анықталды. Мұндай делдалдарға тоқтау салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта Оралда көтерме жеткізушілердің бөлшек сауда желісіне тікелей қол жеткізуі үшін үш көтерме және бөлшек сауда орталықтарының құрылысы басталды.

Тегтер: экономика инвестиция кедейлік шегі халық нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:51
Қазақстанда оқу жылы 31 мамырға дейін ұзаруы мүмкін
Сайт әкімшілігі 09:12
«Мектепке жол». Атырауда бірінші сынып оқушысына 10-сынып оқушысының формасы берілген
Сайт әкімшілігі 08:58
"Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 18:21
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 17:42
Қорғаныc министрлігі әскерде жұмыс істеген қыздың айыптауларына жауап берді
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 14:38
Әлемдегі ең қымбат дәріні еккен қазақстандық бала көз жұмды

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49