Бабақұмаров бабын таппады ма, Алматыда идеологияның иі қанбай тұр

30.04.2020, 06:18

37

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың идеологиялық командасы жасақталмайжатып терең дағдарысқа түсті. Қала әкімінің идеология саласына жауаптыорынбасары Ержан Бабақұмаров биліктің бүкіл буынында көптеген жылдар бойыысылып, пісіп-жетілсе де, мегаполистің мазасыз мінезіне бейімделе алмай абдырапотыр. Бұлай деуімізге бірнеше себеп бар. Сол түйткілдерді біртіндеп тарқатыпкөрелік.

 Алматы қалалықәкімдігі қаржыландыратын «Алматы» телеарнасын басқаруға зейнет жасынан асыпкеткен, берерін әлдеқашан беріп болған Нұржан Мұхамеджанова деген егде кісініәкелді. Нұржан Мұхамеджанова елдің есінде қандай «ерліктерімен» есте қалып еді?Қоғамға қозғау салған, ұйқыдағыны селт еткізген немесе журналистикатәжірибесіне енгізген соны еңбегі бар ма? Отыз жылдан астам бір соқпақта жүріпне тындырды? Карьералық өсу жолында қалай «бағы жанды»? Алдымен осы сұрақтарғажауап бере кеткен жөн.

Сенатор әрі бесжыл университетте бірге оқыған курстасы Мұхтар Құл-Мұхаммед 2006 жылы президентәкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарғанда Нұржан Жалауқызының қызметсатысында «кенеттен» бағы жанды. «31-арнаға» директор болып тағайындалды. Ондакеле салып, алдымен халықтың сүйіп көретін «Дода» ток-шоуын жапты. Одан соң,«Жаңалықтар» қызметінде эфирден шындықты шырылдатып жүрген Серік Әбікенбасқарған редакцияны қуып шықты. Бұл бастамасы ғана екен. 2011 жылы МұхтарҚұл-Мұхаммед мәдениет министрі болған тұста Нұржан Мұхамеджанова «ҚазақстанРТРК» корпорациясына төрайым болып топ ете қалды.  

 Енді «Қалаәкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров зейнеткер Нұржан Мұхамеджанованы қайдантауып алды?» деген сұраққа жауап беріп көрелік. Ержан Бабақұмаров 2008-12жылдар аралығында Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесі бастығыныңорынбасары, 2012-16 жылдары орталық коммуникациялар қызметінің директорықызметін атқара жүріп, «РТРК Қазақстан» корпорациясы басшылығына да ықпалынжоғалтқан жоқ. Өйткені мемлекеттік ауқымды шаралар, елбасының халыққа жолдауы,қоғаммен эфир арқылы байланысы Ержан Бабақұмаровтың негізгі құзырында еді. НұржанМұхамеджановамен арадағы «достық әрі іскерлік байланыс» сол уақытта мықтапорнады. «Сүйенгендері» мықты болғасын төрайым неден тартынсын?! Корпорацияныбасқара жүріп, көптеген келеңсіз істерге жол берді. Жаңаөзенде шеруге шыққанмұнайшыларды «Апта» сараптамалық бағдарламасының эфирінен «құтырған иттер» депайтқызып, көпке топырақ шашты. Бұл жайында әлі күнге дейін жаңаөзендіктерденнемесе халықтан жариялы түрде кешірім сұраған жоқ. Тіпті ондай нәрсе ойында дажоқ болуы керек. Көңіліне жақпаған Дина Елгезек секілді журналисті«оппозиционер» санап, жұмыстан шығарды. Халықты аяусыз қанап отырған банктердіңбылығын әшкерелегені үшін Қанат Тілеуханды жұмыстан қуды. Ол жөнінде «Серке»сайтында «Журналистің үстінен домалақ арыз жазған журналист» атты мақала дашыққан еді.

 НұржанМұхамеджанованың «кісі қызығарлық» істері мұнымен де тоқтаған жоқ. Телебағдарламаныпродакшн компаниялар арқылы аутсорсинг әдісімен әзірлеу үшін ешқандайтендерсіз, конкурссыз, тамыр-таныстарына үлестіріп берумен болды.  Оның нәтижесі кілең сапасыз, талғамсызбағдарлама түрінде ұлттық арнаның эфиріне өтіп жатты. Кезінде ол туралы «Ұлттықарна ұрылар мекені ме?» деген мақала әлеуметтік желіде жарияланып, қоғамды дүрсілкіндірді. Журналистер арасында бұл іске Ержан Бабақұмаровтың да қатысы барыайтылады. Әрине, дәлел-дәйексіз біз оны растай алмаймыз. Нұржан Мұхамеджанова «РТРКҚазақстан» корпорациясынан шеттетілгесін, «31-арнаға» бас продюсер болыпжұмысқа орналасқан еді. Бұл жолы «31-арнаның» қалыптасқан командасынаәпербақандық жасай алмады. Өйткені қолында бұрынғыдай құзырет болған жоқ.

 «31-арнада» атқарушыпродюсер, одан соң пиар-менеджер қызметін атқарған Әсел Тоянованы «Алматы»арнасына «жетектей» жетті. Сөйтіп, оған жаңадан «кеңесші» деген штат ашты.Бұрын ол арнада кеңесші деген вакансия жоқ еді. Қазір Әсел Тоянова конкурссыз,тендерсіз өткізілетін аутсорсинг мәселесімен тікелей айналысады.

НұржанМұхамеджанова «Алматы» арнасына келе салысымен репрессиялық әдіске қайта басты.Бұрынғы директор Әлібек Әлденеймен бірге жұмыс істеген қызметкерлерге қырғидайтиді. Бас продюсер, «Арнайы бағдарламалар» редакциясының продюсері, жаңалықтарқызметінің шығарушы редакторы сияқты қызметкерлерді түрлі қысыммен «өзеріктерімен» кетуге мәжбүрледі. Сөйтіп, олардың орнына өзінің командасынжинақтады. Бұл жағдай телеарна өнімдеріне де айтарлықтай кері әсерін тигізді. Жаңалықтарқызметінің сапасы құлдырап, мәтіндегі сөйлемдер оралымсыз, подводкалар шашыраңқы,бейнеқатарлар мәтінге лайық емес бір нәрсеге айналды. Жаңалықтардың ютубтағыкөрілім саны бүгінде 200-ге де жетпейді. Жылдық бюджеті 700 млн теңгеден астамтелеарна осылай тоқырауға ұшырады. Ал ішкі өнім әзірлейтін бағдарламалар бөліміенді қайта тұра алмастай күйреген. Оның орнын тағы да аутсорсинг әдісімен істейтінжұмыс продакшн компаниялар басты.

 Осылайша президент,премьер-министр, тіпті қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың немен айналысыпжүргенін алматылықтарға насихаттаудың жолын таппай, адасып қалды. Зейнеткердідер кезінде марапатпен зейнетке шығарып салып, орнына жас менеджер алса, мұндайқателік орнамас па еді?! 

Ержан Бабақұмаровтың екінші қателігі – Алматы қаласыәкімдігі қаржыландыратын, бүкіл республикаға танымал «Алматы ақшамы» газетінеқатты тиіп тұр. Бұдан бұрын орыс тілінде шығатын «Вечерний Алматы» өз алдынабір бөлек ЖШС, директор әрі бас редактор Грюнберг, «Алматы ақшамы» өз алдынажеке ЖШС, директор әрі бас редакторы Қали Сәрсенбай болатын. Ержанның ойына некелгенін кім білсін, аяқастынан екі кәсіпорынды «Вечерний Алматы» ЖШС-небіріктіріп, оған сырттан орыстілді Төлеміс Құлмұхамедов деген азаматты директоретіп әкелді. Бұрынғы директорлар бас редактор орнында қалды.  

Бұл қазақтілінде шығатын «Алматы ақшамы» газетіне күтпеген соққы еді. Өйткені орыстілдібасылымға қарағанда «Алматы ақшамының» тиражы мол, танымалдығы басым. Ал«Вечерний Алматы» газетінің тиражы, қоғамдық пікір қалыптастырудағы орнықазақтілді әріптесіне қарағанда анағұрлым солғын еді. Оның үстіне жаңаданкелген директор шығармашылық кестеден гөрі әміршіл-командалық әдісті қолдайтыныалғашқы күннен-ақ білініп тұр. Соның салдарынан қазақ редакциясы бірте-біртеорыс редакциясының ықпалына байлануы әбден мүмкін. Сондықтан бұл реформаға«Алматы ақшамы» редакциясы өре қарсы тұрды. Бас редактор Қали Сәрсенбай ЕржанБабақұмаровпен бұл мәселені бірнеше мәрте талқылап, қала әкімінің орынбасарыниліктіре алмады. Одан соң белгілі қоғам қайраткері, ғалым, Алматы қаласықоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшановтан жәрдем сұрады. Бұл іске РахманАлшанов араласқасын ғана Бабақұмаровтың екпіні басылды. Бірақ мәселе біржақтышешілген жоқ. «Вечерний Алматы» ЖШС әділет министрлігінде тіркеліп, ТөлемісҚұлмұхамедов директор болып тағайындалды. Қазір бұл ЖШС мемлекеттік сатып алуэлектрондық порталында тендерлерге қатысып жатыр. «Алматы ақшамы» ұжымыныңұнжырғасы түсіп, журналистер басқа жақтан жұмыс іздеуге көшкен.

 ЕржанБабақұмаров төтенше жағдайда да идеологияға ие бола алмады. Коронавирус індетінемдейтін жаңа аурухана құрылысын жоспарлағанда заң талаптары бойынша архитектуралықзерттеу жүргізбеді. Соның кесірінен аурухана құрылысына жақын орналасқанмемлекет қорғауындағы төрт бірдей сақ қорғанына да қауіп төнді. Бұл жайында«Жас Алаш» газеті «Қорғандар Сағынтаевтан қорған сұрайды» атты мақала да жариялады.Коронавирусқа қатысты ақпараттар легі, негізінен, орыс тілінде көбірекжарияланады. Оны қазақ тіліне аударып беремін дегенше, қаланың қазақтілдітұрғындары едәуір уақыт кеш құлақтанады.

     Сондай-ақтөтенше жағдайда Алматыда Ұлан Шәмшет, Әлнұр Ілияшев секілді қоғамбелсенділерін ұстау, тергеу және аңду істері де жиіледі. Оларға «карантинрежимін бұзды» деген айып тағылды. «Нағыз атажұрт еріктілері» қоғамдық ұйымыныңБекзат Мақсұтхан, Дәулетжан Шаймұран, Гүлжан Әлішқызы, Серікжан Біләшұлы сияқтыбелсенділері қалалық ішкі істер департаментіне домалақ арыз бойынша шақыртылып,сұрақ-жауаптар алынуда. Мұның барлығы «Төтенше жағдай туралы» заң талаптарынакереғар. Карантин кезінде полицияның мазалауы коронавирус жұқтыру қатерімен қосылып,үрейге үрей жамап отыр.

    Алматының басидеологы Сағынтаевтың командасын идеологиялық дағдарыстан қалай шығаратыны әзіргебізге де жұмбақ болып тұр.


 Тоқтар ЖАҚАШ, 

«Жас Алаш» 

 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:40
Ақмола облысы коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа кірді
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 15:58
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылысқа қатысты жаңа деректерді жарияланды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 13:40
Нұр-Сұлтандағы дәмханада болған жарылыс: үш адам жансақтау бөлімінде жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 23.11.2020, 11:20
«Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 09:56
Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 09:40
Дәмханадағы жарылыс: кінәлі адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52