Бағынбайтын «бағынышты». Қорғаныс министрі отставкаға неге кетпеді?

11.06.2020, 12:38

19

 Естеріңіздеболса, Батыс Қазақстан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттіңбұрынғы бастығы Марат Есенов 200 мың теңге пара алғаны үшін ұсталған. Жуырда(2020 жылдың 4 маусымында) пара алған шенеунікке қатысты сот үкімі заңды күшінеенді. Үкімге сай, Есенов 4,8 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді,сонымен бірге ол полковник шенінен айырылды және мемлекеттік қызметте жұмысістеуіне өмір бойына тыйым салынды.

 Қоластындағы қызметкерлері сыбайлас жемқорлықпен ұсталған жағдайда басшылардыңжауапкершілігі туралы заңға былтыр күзде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолқойғаны белгілі. Сол заңға сәйкес, бағынышты қызметкерге қатысты соттың айыптауүкімі заңды күшіне енгеннен кейін немесе ақтауға келмейтін негіздерменқылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін 10 күннің ішінде бірінші басшы отставкаға кетугеміндетті.

Ал енді,ең қызығы, пара алған БҚО қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы МаратЕсенов үшін бұл жолы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев ешқандай да жауап бермейтін болып шықты. Кеше ғанабаспасөз беттерінде пайда болған қорғаныс министрлігінің ресми жауабындаминистр Нұрлан Ермекбаев бұл жағдайда отставкаға кетуге тиісті емес делінген.«Бұл арада басқа жауапты адамдар лауазымынан айырылуы керек», – депті қорғанысминистрлігі.

 Заңдаорталық мемлекеттік органның басшысы (министр) қол астындағы аймақтық бөлімніңбастығы (БҚО қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы) үшін жауапты болыптабылады деп белгіленген. Ал министрдің орынбасары Тимур Дандыбаевтың қолықойылған ресми жауапта Нұрлан Ермекбаевтың аймақтық бөлімшелер басшыларынажауап бермейтіні айтылады. Олардың заңды түсінуі бойынша, сотталған БҚОқорғаныс істері жөніндегі бұрынғы бастығы Марат Есенов үшін бас штабтың құрылымдықбөлігі болып табылатын ұйымдастыру және жұмылдыру жұмысы департаментіндегі басшылардыңбірі орнынан кетуі тиіс екен.

 Бұларада қорғаныс министрлігі өзінің айрықша құзырлы орган екенін баса айтады.Егер елдегі басқа министрліктерде орталық аппарат сияқты функциялары менміндеттерін орындайтын аймақтық департаменттері бар болса, қорғаныс министрлігіндебірдей функциялары бар аумақтық бөлімшелері жоқ.

 Облыстыққорғаныс істері жөніндегі департамент, әскери госпиталь, аудандық эксплутациялықбөлім немесе кез келген әскери бөлімше секілді қорғаныс министрлігінің аумақтықорганы болып табылмайды екен. Бұл «Мемлекеттік қызмет туралы» заңнамада айқынкөрсетілген. Олардың барлығы  қорғанысведомствосының аумақтық органдары болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер. «Еліміздеаймақтық деңгейдегі қорғаныс істері жөніндегі 17 департамент, жүздеген әскерибөлімдер бар, бірақ олардың барлық командирлері (бастықтары) қорғаныс министрітағайындағанына қарамастан, тікелей министрге бағынады дегенді білдірмейді.Сонымен, облыстағы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы жасағансыбайлас жемқорлық әрекеті үшін қорғаныс министрінің отставкаға кетуіне заңдықнегіз жоқ, өйткені департамент қарулы күштердің бас штабының құрылымдық бөлігіболып табылатын ұйымдастыру және жұмылдыру жұмыстары басқармасына тікелейбағынады» деп айтылған жауапта.

  Қорғанысминистрлігі тіпті әскерилер үшін «отставка» ұғымының да ерекше мәні бар екенінайтады. «Бұрын белгілі бір деңгейде отставкаға кету туралы өтініш, әсіресе,соғыс уақытында, әскери қызметтен жалтару, керек десеңіз, әскери міндеттен қашудеп түсіндірілетін. Әскери қызметкер немесе офицер майдан кезінде отставкағамүлдем кете алмайды, өйткені бұл әскери адамның қабылдаған антына қайшы», – дейдіминистрлік.

  Әділ АҚЫЛБАЙ

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:08
Алматыда Көк базар жабылады

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39