Байбек Арысқа барды

05.07.2019, 16:49

319

Nur Otan» партиясыТөрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан БАЙБЕК Түркістан облысының Арысқаласында болған төтенше жағдайға байланысты аймаққа арнайы келді. Сапар барысындаапат зардаптарын жою жұмыстарымен танысып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Кездесуде Бауыржан Байбекбұл төтенше жағдайдың бүкіл халықты алаңдатқан ауыр оқиға болғанын айтты.

— Қазіргі таңдабарша қазақстандықтар жұдырықтай жұмылып көмек қолын созуда. Мемлекет тарапынанда нақты шаралар қолға алынып жатыр. Осыған байланысты қалпынакелтіру жұмыстарына партия тарапынан қоғамдық бақылау күшейтіледі. Бұл жұмыстарМемлекет Басшысының да басты назарында, – деді партия Төрағасының Бірінші орынбасары.

Бүгінде Арысты қалпына келтіру жұмыстары қарқынды түрдежүргізілуде. Қала 17 секторға бөлініп, әрқайсысы еліміздің әр аймағына бөлініпберілген. Бауыржан Байбек бұл жұмыстар партияның басты назарында болып, аптасайын аймақтардың атқарған жұмыстарының нәтижелері жарияланатынын жеткізді.

— Әр аптаныңсоңында Арысты қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы мәліметтердіжинақтап, оның нәтижесін ашық түрде халыққа жариялап отырамыз. Қай облыстыңқалай жұмыс істеп жатқанын халық көріп, білуі керек. Әрине әр аймаққа бөлініпберілген секторлардың жағдайы біркелкі емес. Сондықтан нақты нәтиже мен дәйектідеректерге сүйеніп әрекет етеміз, – дедіБауыржан Байбек.

Сондай-ақ ол «Nur Otan» партиясының гуманитарлық көмектерқабылдап, арыстықтарға жіберу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізгенін атап өтті.

— Мұндай жағдайдаелдігімізді көрсетіп, осы қиындықты бекем бірлігімізбен еңсеріп шығуымыз керек.Бұл жұмыстарда партия тарапынан тұрақты қолдау болады. Осы реттежасотандықтардың белсенділігін де ерекше атап өткім келеді. Біздің партияныңжастары еріктілерді бастап, өздері осы жаққа келіп, тікелей үлес қосып жатыр, – деген Бауыржан Байбек бүгінде кейбір жастардыңатқарылып жатқан жұмыстарды сынап, елдің арасына іріткі салып жатқанына даназар аударды.

Сонымен қатар сапар барысында Бауыржан Байбек Түркістаноблысының әкімі Өмірзақ ШӨКЕЕВПЕН бірге апаттан зардап шеккен әлеуметтікнысандарды да аралап, оларды қалпына келтіру жұмыстарының жай-күйімен танысты.Атап айтқанда, қаладағы «Алтын тұмар» балабақшасына арнайы барып, жарылыскезінде балаларды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарын жедел әрі жүйелі түрдежүргізген тәрбиешілермен, ата-аналармен, психолог мамандармен және жергіліктіақсақалдармен кездесті.

Сондай-ақ Алматы қаласына бекітіліп берілген сектордаорналасқан үйлердің біріне арнайы ат басын бұрып, тұрғындарымен тілдесті.Қазіргі таңда аталған баспана тұруға жарамсыз деп танылған. Соған байланыстыАлматы қаласы үйді қайта салып бермек.

Одан бөлек, Бауыржан Байбек «Арысқа көмек» акциясыаясында Алматы қаласынан жіберілген гуманитарлық көмек керуенін күтіп алуғақатысып, апаттың салдарын жою жұмыстарына белсенді қатысып жүрген жасотандықеріктілермен кездесті. Еліміздегі ең ірі қаладан Арысқа негізінен құрылысматериалдары келген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:50
Күнде бір отбасыға үй әперейік!
Жарас ШӨКЕ 15:23
Қаңтар оқиғасын зерттейтін комиссия құрылды
Сайт әкімшілігі 00:00
Qantar 2022: Алматыдағы уақытша изолятордан 11 адам босап шықты
Нұрболат ӘЛДИБЕК 25.01.2022, 17:36
Сапарханның «отставкасын» қолдаған Сапарбаев өзіне келгенде неге үнсіз?
Сайт әкімшілігі 25.01.2022, 17:23
Зейнеп Ахметова:"Бауыржан Момышұлы 4 күн бойы жерленбей жатып қалды"
Ермек Мұқанғалиев 25.01.2022, 11:46
Қазақ қайткенде ұлттық болмысын сақтап тәуелсіз ел болып қала алады?

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48