Байбек: Nur Otan-ның сайлауалды уәделері өңірлерде 14%-ке іске асырылды

Сайт әкімшілігі

24.09.2021, 19:47

500

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өңірлерге жұмыс сапары аясында Солтүстік Қазақстан облысындағы бірқатар нысандарды аралады. 

«Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша біз әр облыста, қалада және ауданда сайлауалды уәделерді орындау бойынша 217 жол картасын бақылаудамыз. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жария еткен «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы өңірлерде 14%-ке іске асырылды», – деп атап өтті Бауыржан Байбек. 

Оның айтуынша, жыл басынан бері 9 млн. шаршы метрге жуық тұрғын үй салынған, 131 мектеп, 70 балабақша және 22 медициналық нысан ашылған. 200 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. 837 млрд теңгеге инвестиция тарту арқылы 89 кәсіпорын іске қосылды.

Солтүстік Қазақстан облысында жоспарланған 1134 іс-шараның осы күні 26%-ті орындалды. Мәселен, биыл 10 сүт-тауар фермасы іске қосылады, 13 мың басқа арналған 2 бордақылау алаңы, 2 құс фабрикасы салынады және т.б.

Ел азаматтарының 40%-тен астамы ауылда тұратынын ескере отырып, Елбасының «Ауыл – Ел бесігі»  жобасы шеңберінде ауылды дамыту, ауыл тұрғындарының өмірін жақсарту үшін жағдайлар жасалып жатыр. Сондықтан филиал төрағасы, облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен бірге ол Айыртау ауданындағы «Әдемі Астық» ЖШС-ның құны 1 млрд. теңгеден асатын сүт-тауар фермасы құрылысының барысымен танысты. 

«Шаруа қожалығы орналасқан ауылдың тарихы қызықты. 2004 жылы халықтың үдере кетуіне байланысты Прекрасное ауылының шын мәнінде тіршілігі тоқтап қалды. 2011 жылы «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихаттың депутаты Бақыт Құсайынов ауылға оралып, мал өсіруге кірісті. Жобаның табыстылығын ескере отырып, депутат жұмыс күші артық өңірлерден қоныс аудару бағдарламасын белсенді қолдай бастады. Қазіргі кезде 14 үй салынды, тағы 10 үйдің құрылысы жүріп жатыр», — деп жазды Бауыржан Байбек Facebook-тегі парақшасында.

Сайлауалды бағдарламаның аясында бұл мәселеге ерекше назар аударылатыны атап өтілді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келген жас мамандарға тұрғын үй сатып алуға жеңілдікпен несие бөлінетін болады. Өңірлердің деңгейінде жас отбасылардың баспана мәселесін шешу үшін бағдарламалар әзірленеді. Жалпы, ел көлемінде жыл сайын 700 мыңға жуық адам жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен қамтылады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 22.10.2021, 19:23
Қуатты өңірлерді дамытудың міндеті айқын
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:16
QAZFORUM-2021 басталды
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 09:08
Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев
Еңлік АРЫҚБАЙ 21.10.2021, 15:00
Тегің қазақ па?
Еңлік АБАҒАН 21.10.2021, 13:27
Ана мен бала өліміне кім кінәлі?
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 10:50
Nur Otan сайлауалды бағдарламасының 24,8% орындалып үлгерді

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31