Байбек пен Мамай арасындағы сот ісі: жауапкерлер өз айыптауларына дәлел таба алмауда

Сайт әкімшілігі

19.05.2021, 21:58

1103

Алматы қаласының бұрынғы әкімі, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің өкілі Айжан Ташенова Б. Байбек пен Ж. Мамай және И. Иманбаева арасындағы сот процесінің кезекті отырысы қалай өткені туралы айтып берді.

«Құрметті достар! Бүгін Б. Байбектің талап арызы бойынша сот процесіне дайындық аясында екінші отырыс өтті.Осы орайда бірқатар маңызды жәйттерге назар аудартқым келеді. Осыдан бір ай бұрын, яғни 19 сәуірде Бауыржан Байбек өз сұхбатында Ж. Мамай мен И. Иманбаеваның ешқандай негізсіз, бірыңғай өтірік пен долбарға құрылған айыптауларына нақты әрі дәлелді жауап берген болатын. Сол сұхбатында ол өз ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау мақсатында сотқа жүгінетінін де жария түрде мәлімдеді. Б. Байбектің осы сұхбаты шын мәнінде біздің соттағы құқықтық позициямыздың негізіне айналды.

Осыған байланысты 26 сәуірде мен ресми өкіл ретінде жауапкерлердің ешқандай негізсіз таққан айыптауларын теріске шығаратын құжаттардың толық пакетін (әкімдіктің 20-дан аса ресми қаулылары, келісімшарттар мен өзге де материалдар) алдым. Сонымен қатар мен қолжетімді ақпараттарға да экспресс-талдау жүргіздім. Нәтижесінде мен талап арызды ашық дереккөздерден алынған талапкер талабының дұрыстығын мүлтіксіз растайтын фактілермен толықтырдым. Яғни мен деректерге жасалған қарапайым фактчекингтің өзі оппоненттердің жалған тұжырымдарын толықтай жоққа шығарады және Б.Байбек қызмет еткен кезеңдегі әкімдік шешімдері тек мемлекет пен қоғам мүддесі тұрғысынан қабылданғанын растайды деп сенімді түрде мәлімдей аламын.

Сондықтан мен Б.Байбектен сенімхат алған сәттен бастап 4 күн ішінде талап арыз дайындап 30 сәуірде оны тәуелсіз психологиялық-филологиялық сараптама қорытындыларымен бірге сотқа жолдадым.Еске сала кетейін, Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес талап қоюшы, яғни Б.Байбек өз талаптарын дәлелдеуге міндетті емес, керісінше тек жауапкерлер ғана сотқа өз айыптауларын растайтын дәлелдемелер ұсынуға тиіс.

Істің резонанс тудыратынын және Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның ұдайы фактілерді бұрмалауға әрекет ететінін ескере отырып, мен барлық мүдделі тұлғалардың танысуы үшін талап арыз бен сараптаманы сала отырып, пост жарияладым. Бұған қоса, жауапкерлердің әлеуметтік желілердегі деструктивті белсенділігін көре отырып, мен оларды талап арыз берген күні арнайы тегтедім.Осыған қарамастан, бірінші отырыста жауапкерлер мен олардың адвокаттары «талап арыз бен сараптаманың мәнін талқылауға дайын еместігін» мәлімдеп, соттан «іс материалдарын зерделеуге», БІР ҚЫЗЫҒЫ, «ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР ЖИНАУҒА» қосымша уақыт беруді сұрады.

Әйтсе де жауапкерлердің көптеген ар-намысқа тиетін, қорқытып-үркітетін және жалаң айыптаулар дайындап, әлеуеттік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға уақыты жеткілікті екенін атап өткен жөн.

Халықаралық құқықты зерттеген заңгер ретінде Журналистің кәсіптік этикасының халықаралық қағидаттарының ережесіне сәйкес «БАҚ өкілдерінің басты міндеті – объективті нақтылық арқылы адамдардың расталған және шынайы ақпарат алуына кепілдік беру (қағидат – журналистің объективті ақпаратқа адалдығы) екенін атап өткім келеді.Өздері айтып жүргендей, журналистика саласында 10 жылдан артық жұмыс істеген маман, бұрынғы бас редакторлар ретінде Ж.Мамай мен И.Иманбаева мұны жақсы білсе керек. Кез келген ақпарат, оның үстіне жарияланымға өзек етіп алынып отырған салмақты айыптау нақты фактілер мен құжаттарға негізделіп, шынайы дерек көзіне сілтемесі болуы тиіс.

Әйтсе де, жала жабушы видео жарияланғаннан кейін ӨТКЕН 36 КҮН ІШІНДЕ «журналистік зерттеу» деп аталатын айыптауларын растайтын құжаттай дәлелдемелер жариялан жоқ. Жауапкерлер мұны сотқа ғана емес, тіпті өз адвокаттарына да ұсынбаған. Бұл жайында И.Иманбаеваның адвокаты – А.Түсіпова бірінші отырыста мәлімдеді. Сонымен қатар И.Иманбаева 17 мамырда «kz.media» порталына берген сұхбатында құжаттай дәлелдеменің болмау фактісін, яғни соттағы жеңілісті мойындады.

Бүгінгі отырыста судья жауапкерлерге сот тағайындайтын психологиялық-филологиялық сараптама үшін сұрақтар тұжырымдау жайлы бірнеше рет өтініш айтты. Сот істі дайындау кезінде тоқтата тұрып, кешенді тәуелсіз сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарым шығарды. Жалпы, өздерінің жалған айыптауларына қандай да бір дәлелдер жоқ екендігін ескере отырып сот талқылаулары барысында Ж.Мамай мен И.Иманбаева талқылауды барынша сотқа қатысы жоқ мәселеге бұрып әкетуге тырысып, барлығын арзан қойылым мен саяси фарсқа айналдырғысы келеді. Мысалы, басында жауапкерлер сотқа наразылық білдіру, қарсы талап арыз беру туралы мәлімдеп, одан әрі қарай қайтадан Б.Байбектің тікелей өзі қатысуын талап етті, сонымен қатар көптеген екінші кезекті сұрақтар көтерді.

Бұл сот процесі әйгілі британ жазушысы Джонатан Свифттің мына бір қанатты сөзін растай түседі: «Құрттардың негізінен шырынды жемістерге үймелейтіні секілді, әдетте абыройлы адамдарға жала жабылады».Сондықтан да жауапкерлердің процесті созуға жанұшыра тырысуына қарамастан, сот бұл істі мәні бойынша заңда белгіленген мерзімде қарап, дауға әділ нүктесін қояды деп үміттенемін.

Сіздерді талқылау барысы туралы әрі қарай да хабардар етіп отырамын»,- деді Байбектің соттағы өкілі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:29
ҰБТ-ны алып тастау қажет — Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 10:20
«Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды – Олжас Ордабаев
Еламан СЕРІК 11.06.2021, 12:07
Мектептерде парақор директорлар әлі отыр
Сайт әкімшілігі 11.06.2021, 10:49
«Жастар-Отанға!» 5 бағытты қамтиды
Еркежан АРЫН 11.06.2021, 10:23
Қазақстан БҰҰ-ның экологиялық бастамасын қолдайды
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 11.06.2021, 09:02
Егемендік халыққа не берді?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02