Байбек қаза тапқан полицей Аян Ғалиевтің отбасымен кездесті

Сайт әкімшілігі

22.07.2021, 10:19

1691

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Алматыда азаматтарды қабылдады. Ол 2016 жылы оңтүстік астанада орын алған теракт кезінде қаза тапқан полицей Аян Ғалиевтің отбасымен және 10 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы жалғызбасты анамен кездесті деп хабарлайды «Жас Алаш» «AstanaTV» телеарнасына сілтеме жасап.

5 жыл бұрын алматылық полицей Аян Ғалиевтің отбасы асыраушысынан айырылды. Полиция қызметкері террористтің қолынан қаза тапты. Марқұмның зайыбы мен екі баласына Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан сол кездегі қала әкімі Бауыржан Байбек пәтер кілтін табыс еткен болатын. Жаңа қоныс иелерінің тұрғын үйге алаңсыз жайғасуы үшін жөндеу жұмыстарына да көмек берілді. «Содан бері мемлекеттің ғана емес, барша қазақстандықтардың қолдауын сезініп келеміз», — дейді полиция қызметкерінің жесірі Анар Асанова партия Төрағасының бірінші орынбасарымен кездесу барысында.

«Бұл трагедия болған кезде мен балаларымыз, олардың болашағы үшін қатты алаңдадым. Өйткені, біз асыраушымыздан айрылып қалдық. Бірақ, кейін біз жалғыз емес екенімізді ұғындық. Бізге мемлекет, Елбасы ауқымды көмек пен қолдау көрсетті. Бізге сыйға берілген пәтер мен ерекше назар аударғандары үшін алғысым шексіз. Жұбайымның өзі өмірден өтсе де, ол бізге мемлекеттің атынан әлі де көмек беріп жатыр», — деді Анар Асанова. 

Бауыржан Байбек көпбалалы ана Айнұр Арғынбековамен де кездесті. Күйеуі қайтыс болған соң 10 баласымен қалған келіншек небір қиын күндерді бастан өткергенін айтты. Қаражаттың тапшылығынан өлместің күнін кешіп, үй-күйсіз жүргенде мемлекет көмек қолын созған. Меценаттардың қолдауымен жалғызбасы ана Алматыдан үш бөлмелі пәтер алды. «4 жыл бұрын Елбасы атынан Бауыржан Қыдырғалиұлының қолынан пәтер кілтін алдық. Бүгін ол бізді тағы да кездесуге шақырып, хал-жағдайымызды сұрап жатыр. Осындай қамқорлығы үшін рақмет айтамын. Егер мемлекет болмаса, не істерімді тіпті, білмес едім»,- деді Айнур Аргынбекова. 

Өз кезегінде «Nur Otan» Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек азаматтарды қабылдау барысында бүгінде Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әлеуметтік осал топтарға, көпбалалы отбасыларға да ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. «Бақытты отбасы» бағдарламасы қарқынды іске асырылуда.

Бұл мәселеден «Nur Otan» партиясының мүшелері де шетте қалмайды. Жыл басынан бері партияның қоғамдық қабылдаулары 14 мыңнан астам қабылдау өткізіп, 74 мың қазақстандықтың мұң-мұқтажын тыңдады. Өтініштердің 96%-ы оң шешімін тауып, консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетілді. Қалған 4% орындалу үстінде. Жалпы, соңғы 2 жылда партия мүшелері жарты миллионнан астам өтініш қабылдады. Олардың 74% интернет арқылы жолданған», — делінген сюжетте.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 19:47
Байбек: Nur Otan-ның сайлауалды уәделері өңірлерде 14%-ке іске асырылды
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 24.09.2021, 13:06
Баланың мұңын кім тыңдайды?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2021, 10:08
Солтүстік қазақылана бастады
Әдина ЕРҚАРАЕВА 23.09.2021, 17:30
Құл ететін құмар ойындар
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 15:40
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2021, 14:20
Аралас мектептер азаюдың орнына артып кетті. Неге?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39