Байқоңырдағы ғарыш кешеніне Назарбаевтың аты беріледі

08.09.2019, 11:34

185

Ресей президентіВладимир ПУТИННІҢ ұсынысы жерде қалмады. Енді Қазақстанның экс-президентіНұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ есімі Ресейге жалға берілген Байқоңыр қаласындағынысанға да берілетін болды.

Байқоңыр ғарыш айлағында салынып жатқан«Союз-6» және «Союз-5» орта және жартылай ауыр класстағызымыран-тасығыштарын ұшыратын зымыран-ғарыш кешені Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫНЫҢ атымен аталады.  

«Старт кешені „Назарбаев бастауы(немесе “старты»)" деп аталады", — деп хабарлама таратты Роскосмос.

Кеше Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫ менКремль басшысы Владимир Путин Мәскеуде ВДНХ-ғы жаңартылған «Қазақстан»павильонына барды. Сол жерде Роскосмос басшысы Дмитрий РОГОЗИН мен Қазақстанныңцифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВекі жақ бірігіп салып жатқан кешен туралы баяндаған-ды.  

Ресей президенті кешеннің атауы неге«Бәйтерек» деп сұрағанда, Назарбаев мағынасы "өмір ағашы"екенін түсіндіріп, бәйтерек туралы қазақ аңызын айтып берді.
«Одан да „Нұрсұлтан“ деп атайық. Бұл жобаны жасаған сізғой», — деп ұсыныс айтты Путин. Ал Назарбаев жобаның «Ресей менҚазақстанның серіктестігі арқасында жүзеге асып жатқанын және оның ғарышсаласын жаңа деңгейге көтеретінін» атап өтті.
Нұрсұлтан Әбішұлы: «Нұрсұлтан» емес, басқаша атайық,«Назарбаев» болсын",- деді. Путин келістік деп қысқа қайырды.

Фото: videosite2.ru

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Кемел ЖАН 16:31
Кеденді айналып өтпек болған
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 06:12
«Назарбаевсыздандырумен» қашанғы алысамыз?
Батыр ЖАСҰЛАН 06:11
Ұлттық идеологияда неге ұтылып жүрміз?
Сайт әкімшілігі 05.10.2022, 16:47
Ұлттық университетте дипломаттар мен ғалымдар бас қосты
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 05.10.2022, 09:26
Аймағамбетовтың бастамасы тығырыққа тірелді
Сағындық РАХЫМЖАН 04.10.2022, 13:55
Ел боламын десең – шекараңды бекіт

Аңдатпа


  • Jusan-ды жусататын күн туа ма?
    06:13
  • «Назарбаевсыздандырумен» қашанғы алысамыз?
    06:12
  • Ұлттық идеологияда неге ұтылып жүрміз?
    06:11
  • «ҚОРАҒА» кірдік. Берешекке құмар үкіметте бедел қалды ма?!
    05.10.2022, 09:29
  • Ресей – өтірікшілер елі. Қазақстанға не жорық?
    05.10.2022, 09:28