Байқоңырдағы ғарыш кешеніне Назарбаевтың аты беріледі

08.09.2019, 11:34

305

Ресей президентіВладимир ПУТИННІҢ ұсынысы жерде қалмады. Енді Қазақстанның экс-президентіНұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ есімі Ресейге жалға берілген Байқоңыр қаласындағынысанға да берілетін болды.

Байқоңыр ғарыш айлағында салынып жатқан«Союз-6» және «Союз-5» орта және жартылай ауыр класстағызымыран-тасығыштарын ұшыратын зымыран-ғарыш кешені Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫНЫҢ құрметінеаталады.  

«Старт кешені „Назарбаев бастауы(немесе старты)“ деп аталады», — деп хабарлама таратты Роскосмос.

Кеше Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫ менКремль басшысы Владимир Путин Мәскеуде ВДНХ-ғы жаңартылған «Қазақстан»павильонына барды. Сол жерде Роскосмос басшысы Дмитрий РОГОЗИН мен Қазақстанныңцифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВекі жақ бірігіп салып жатқан кешен туралы баяндаған-ды.  

Ресей президенті кешеннің атауы неге«Бәйтерек» деп сұрағанда, Назарбаев мағынасы "өмір ағашы"екенін түсіндіріп, бәйтерек туралы қазақ аңызын айтып берді.
«Одан да „Нұрсұлтан“ деп атайық. Бұл жобаны жасаған сізғой», — деп ұсыныс айтты Путин. Ал Назарбаев жобаның «Ресей менҚазақстанның серіктестігі арқасында жүзеге асып жатқанын және оның ғарышсаласын жаңа деңгейге көтеретінін» атап өтті.
Нұрсұлтан Әбішұлы: «Нұрсұлтан» емес, басқаша атайық,«Назарбаев» болсын",- деді. Путин келістік деп қысқа қайырды.

Фото: videosite2.ru

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 06.06.2023, 16:45
Құс қорегіне айналған алқап
Еркенұр ҚОНЫСБАЙ 06.06.2023, 13:46
Жұмыс, бизнес, жастарға арналған несие...
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 16:30
Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 11:18
Халықтың демалуға ақшасы жоқ
М.СӘУЛЕБЕК 02.06.2023, 09:00
Қаскөйлер онлайн да опындырады
Бифат ЕЛТАЕВА 31.05.2023, 14:55
Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі

Аңдатпа


  • Ораловтың барында...
    06.06.2023, 10:17
  • Ұстағанның қолындағы, тістегеннің аузындағы қазақ ураны
    06.06.2023, 09:46
  • Жалған кәсіпкерлер, алаяқ аналар
    06.06.2023, 09:00
  • Өзбекстан қай жолды таңдады?
    02.06.2023, 10:15
  • Жұманғариннің жиналыстары. Бас шұлғитын әкімдер, орындалмайтын тапсырмалар
    01.06.2023, 10:11