Бала құқығы – басты құндылық

Бифат НҰРМАХАН

13.05.2022, 13:00

1487

Балалар жылының аясында биыл балалардың құқығын қорғауға қатысты арнайы жоспарлар құрылып, өткізілетін іс-шараларға үкімет тарапынан жоспарлар жасалды.

Осыған дейін балалардың құқығын қорғау маңызын жоймайтын басты мәселелердің бірі болып келді. Әлі де бала құқығын қорғау жалғасады да.  Бала ең бірінші отбасында тәрбиеленетіндіктен, оның басты құқығын ата-анасы қорғайды. Ата-анасының міндетіне баланың материалдық жағдайы, білім алуы, әртүрлі дамытушы үйірмелерге қатысып, білімін жетілдіру кіреді. Ал ата-ананың тарапынан балаға қандай да бір зиян келетін болса, бала бірден мемлекеттің қамқорлығына алынады. Жалпы еліміздегі бала құқығы мен мүддесі қалай қорғалатынына келсек, осыған орай 2008 жылдың 8 тамызында «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» арнайы заң қабылданып, Конституция заңында баланың жеке мүддесін іске асыруға қатысты қатынастарын реттеуге бағытталды. Яғни балаға қандай да бір тараптан зиян келетін болса, заңдық нормалар бойынша жазаланады. Сондай-ақ заңда баланың кәмелет жасқа толғанша, оған заңды тұрғыда қамқорлық жасалады. Мәселен, қандай бала болмасын кемсітушілікке, зорлыққа жол берілмейді. Және балалардың құқықтары бұзылған жағдайда қалпына келтіру, балалардың физикалық тұрғыда дене бітімі, зияткерлік, рухани және өнегелік жағынан дамуына жағдай жасау кіреді. Одан бөлек, баланың денсаулығы да кәмелет жасқа толғанынша, мемлекет есебінен бақылауға алынған.

Сонымен қатар елімізде бала құқығын қорғауға арналған арнайы ұйымдар ашылған. Бұны бірі білсе, бірі білмес. Осы орайда, халықты құлақтандыру мақсатында арнайы ұйымдармен таныстыратын болсақ:

1.Білім және ғылым министрлігінің мәлімдеуінше, кәмелетке толмаған балалардың істері мен құқықтарын қорғау жөнінде аумақтық комиссиялар құрылған;

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

3. Бала құқықтар жөніндегі уәкіл институты;

4. Тоғыз министрлік пен ведомстволар;

5. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау жүйелерінің жүздеген органы мен ұйымдары құрылған. Сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғауға қатысты 2020 жылы білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті директорының жанынан жауапты орынбасар ретінде жаңа қызмет енгізіліп, арнайы балалар омбудсмендері бұл іске белсене кірісіп кетті.

Ал баланың жан-жақты даму жағдайына келсек, әр жылдың 1 маусымында халықаралық деңгейде балаларды қорғау күні белгіленіп, бүлдіршіндерге арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізіліп тұрады. Осыған орай, үшінші мамырда «Аманат» партиясы «Балалардың құқықтарын қорғау және балалар жылы аясында іс-шаралар жоспарын іске асыру мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Онда балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыру жөніндегі жұмыстар мен өңірлердің жылдық жоспарын әлеуметтік бағытта қайта қарау, Білім және ғылым министрлігінің координациялық жұмысын күшейту жөнінде жоспарлар сөз етілді. Ал жалпы орта білім беретін мектептерде ата-аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру және мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту мақсатында – «Отбасындағы бала тәрбиесі ата-аналардың міндеттері» тақырыбында ата-аналармен арнайы жиындар өткізу биылғы жылдың басты қызметіне айналды.

Тегтер: ана бала демография

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01