Бала зорлау қылмысы тыйылмай тұр

Айжан БҮРКІТБАЕВА

15.09.2020, 11:00

964

Бала зорлау қылмысы тыйылмай тұр

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан халқына жолдау арнады. Жолдауда педофилдерге қатысты жазаны қатаңдатуды тапсырды. Алайда әзірге 122-бап бойынша «16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау» ауырлығы орташа қылмыс деп танылып тұр. Яғни қатаңдық бес жылға дейін бас бостандығынан айырумен ғана шектеледі.

Биыл балаларға қатысты жасалған қылмыстар саны 8 пайызға артты. Оның ішінде жасөспірімдерді жыныстық қатынасқа итермелеу бойыншы 550 қылмыс тіркелген. 2020 жылдың шымылдығын ашқаннан бері 250 бала сексуалдық зәбір көрген. Бұл – бейбіт елде тағы да 250 баланың болашағына нұқсан келді деген сөз.

         Бұған қатысты тәжірибелі балалар психологі Гауһар Айтөре былай деп пікір білдрді:

 – Бала сексуалдық зәбір көрген соң, болған жағдай психикасына орасан зор теріс әсер береді. Тұйықталу, агрессивтілік, қатарластарымен ойнамау, ересек адамдардан шошуы, оқшаулану, ызақорлық т.б. ерсі қылықтар көрсете бастайды. Бүлдіршіннің психикасы толық қалыптаспаған соң, ол ата-анасының, туыстарының, жалпы, қоғамның қолдауына зәру болады. Бұл жағдайда балаға өзінің кінәлі емес екенін түсіндіру өте маңызды.  Өйткені ауыр жағдайдан кейін арты суицидке әкелуі мүмкін. Сондықтан міндетті түрде бүлдіршінді арнайы мамандарға көрсеткен дұрыс. Тек баламен емес, ата-анамен де арнайы мамандар жұмыс істегені абзал.

Қорғансыздың күні немесе биыл тіркелген қорқынышты деректер

2020 жылы Шымкент қаласында 47 жастағы ер адам 13 жастағы қызын төрт жыл бойы зорлаған деген суық дерек тіркелген.

11 маусымда Шымкентте бір күнде 5 және 8 жастағы қыздарды зорламақ болған күдікті тұтқындалды.

23 шілде күні Сәтбаев қаласында бес жасар қыз жоғалып кетіп, бүлдіршін көпқабатты үй пәтерінен табылған.  «Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімді ұрлап, зорлық көрсеткен» деген күдікпен ер адам ұсталды.

         31 шілдеде Ақтөбе қаласында «ересек әйелді, жас қызды зорлау, сондай-ақ әдейі жас балаға жасалған зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша 33 жастағы ер адам бас бостандығынан айырылды.

Бұл ретте заңгер Назгүл Серке балалармен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасағандарға қаталырақ жаза қолдану керегін айтады:

    – Жасы тым кіші бүлдіршіндерге қарсы жасалған сексуалды әрекеті үшін және ол өлімге әкелген жағдайда қылмыскерге хирургиялық кастрация қолдану керек. Үкімді жабық сот отырысында қабылдамай, жария  түрде көрсету керек. Жалпы, педофилияны тоқтату үшін мектепке құқық пәнін 7-сыныптан бастап енгізу керек. Дәл осы кезеңде жасөспірімдерде сексуалды даму басталады. Мектеп жасынан сексуалды әрекет көрсету қылмыс екенін түсінсе, ересек өмірге қадам басқанда өзінің жыныстық амбициясын басып отыратын болады. Оқушыларға қазірден бастап қылмыстың арты қылмыстық жауапкершілікке алып келетінін санасына құя беру керек. Соның ішінде әсіресе сексуалды қылмыс жайлы көп айту керек.

                            Әлемде педофилдер қалай жазаланады?

     Қытай, Сауд Арабия, Үндістан, Индонезия, Латын Америка, Оңтүстік Корея елдерінде бала зорлағаны үшін қылмыскерге өлім жазасы қолданылады.

     Солтүстік Корея елінде педофилді зәбір көруші тарап жазалайды. Ал АҚШ-та қылмыскерге электронды білезік тағылады. Сотталушы абақтыдан шыққаннан кейін балалар жүретін алаңдар, балабақша, мектеп ауласына, балалар тасымалданатын аялдамаларға жақындауына тыйым салынған. Тіпті төлқұжатында педофилдік қылмысы туралы ақпарат жазылады.

     Африка елдерінде қылмыскерді тірідей отқа орайды. Ал Мысырда педофилдерді ел алдында дарға асады.

     Ұлыбритания, Польша, Франция, Чехия мемлекеттерінде жазаланушыға химиялық кастрация жасау заңы қабылданған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 11:05
МӘМС аясында қандай медициналық көмекке жүгінуге болады
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 09:59
Соңғы бір тәулікте 364 адам пневмонияға шалдыққан
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 09:43
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Айжан БҮРКІТБАЕВА 22.09.2020, 10:29
БЖБ мен ТЖБ-дан шаршадық
Еркежан АРЫН 22.09.2020, 10:16
«Таза Қазақстанға» айналамыз ба?
Алмасбек ЕРБОЛАТҰЛЫ 22.09.2020, 10:02
Қордаланған қоқыс мәселесі қашан шешімін табады

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27