Балалар лагеріндегі тәлімгерді ата-аналар педофил деп айыптайды

01.08.2019, 06:19

4

Ақтөбеде «Ақбөбек» жазғы лагерьдегі ер балалардыазғындық жолға түсірді деп күдікке ілінген тәлімгердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.Балаларын жазғы лагерьге демалысқа жіберген ата-аналардың айтуынша, тәлімгер лагерьде түрмедегі тәртіпті орнатқаныбылай тұрсын, ұлдарының  мүшелерін ұстапмаза бермеген. Тәлімгерлерді жұмысқа арнайы конкурстан өткізіп аламыз дегенлагерь басшылығы  бұл ақпаратқа сенгілерікелмейді.

Мирамгүл ЖҰМАБЕКОВА он жастағы ұлын биыл біріншірет  лагерьге демалысқа жібергенінайтады. Ойымда  ұлым бой жазып, демалыпкеледі дегеннен басқа еш жамандық болмады дейді. Жолдаманы әкесінің жұмысорнынан 45 000 теңгеге сатып алған. Ешкімге жазығы жоқ, мінезі тұйық ұлым  4-5 күннен кейін жылап телефон соғып, лагерьденалып кетуін айтқан. Мирамгүл Жұмабекова лагерьдегі тәлімгер ұлының мүшесін ұстап сыйпағанын айтады.

«Ол тәлімгердіата-аналар педофил деп айтып отыр. Балаларға тиіскен. Денелерін ұстаған.Төменгі жақтарын ұстаған. Өзінің төменгі жағын көрсеткен. Дені дұрыс адам солайістей ма? Өзі өнер академиясында оқиды дейді. Сосын балалар душқа барғанда тыржалаңаш тұрған жерлерінде тиісетін болған. Енді кеп бұл әзіл депті. Сондай әзілбола ма?», — дейді Мирамгүл Жұмабекова. 

Ата-аналардың айтуынша тәлімгер мұндай қылығын өзінің қарауындағыер балалардың біразына көрсеткен. Балалар мен ата- аналардың мұндай шағымына лагерьбасшылығы келіспейді.

«Тәлімгер ретінде балаларғақызықты болу үшін креативті студент жастарды қабылдаймыз. Тәлімгерлер ментәрбиешілерді қабылдағанда арнайы кастинг, конкурс өткіземіз», —  дейді «Ақбөбек» ЖШС директорының орынбасарыШамшырақ САЙЛАҒИЕВА.

Психолог мамандар балалармен жұмыс жасайтынүлкендердің мұндай қадамға баруы психикалық ауытқудан болуы мүмкін дейді.Сондықтан мұндай мекемелерге жұмысқа көшедегі кез-келген адамды емес, арнайы психикалық тексеруден өткенмамандарды қабылдау керек екенін айтады.

«Балалармен жұмысжасайтын мекемелер мамандарды көшеден емес, арнайы тексерістен өткізіп барыпқабылдаулары керек. Мәселен психикалық тесттен. Сосын ата-аналар балаларынаөзге біреудің денелерінің кейбір мүшелерін ұстауға болмайтын айтып, ескертіп отырулары қажет», — дейді психологИндира МҰҚАШЕВА.

Қазір жазғы лагерьде тәлімгер болып уақытша жұмысжасаған 22 жастағы жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеубасталған. Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан ДӘУЛЕМБАЕВТІҢайтуынша, қылмыстық іс жас балаларды азғындық жолға түсіру бойынша яғни ҚК 124-шібабы бойынша қозғалған. 

Бұл оқиғаға қатысты полицияның тергеуінен бөлекоблыстық білім басқармасы да арнайы комиссия құрғандарын айтады. Сөздеріншелагерьдегі барлық педагогикалық құрам тексерістен өтетін болады. Дегенмен қазірлагерь жұмысын тоқтатпаған.Кезекті маусымның ашылуына дайындалып жатыр екен.

Фото ғаламтордан.



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 17.09.2020, 11:16
Кәдеге аспаған диплом
Б. НҰРЛЫБАЕВ 17.09.2020, 11:03
Бар кінә өзімізде
Мариям МАҚСАТ 17.09.2020, 09:26
Жетімдердің жанайқайы мемлекет оларға қашан үй береді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:10
«Тұрмысты түзейді»
Сайт әкімшілігі 16.09.2020, 15:53
Қазақстандықтардың қарызын кешіру ұсынылды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04