Балалар жылында ұлттық шаралар да өткізіледі

Бифат ЕЛТАЕВА

05.05.2022, 14:30

1386

2022 жыл ел президентінің тапсырмасымен «Балалар жылы» жарияланғаны барлығымызға мәлім. Алайда балалар жылы тек материалдық көмекпен ғана шектелмей, жас ұрпақтың рухани дамуы жағына да назар аударған жөн. Осы орайда, атқарылатын жұмыстарға қысқаша тоқталсақ.

Биыл балалар жылына орай, ақындар мен жазушылардың шығармашылығын қолдау мақсатында – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі көптеген ақын-жазушылардың кітаптарының шығуына біршама қолдау жасады. Балаларға арналған іс-шаралар да ретімен ұйымдастырылып келеді. Сондай-ақ бұл жыл мүмкіндігі шектеулі балалар мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, қиын жағдайға тап болған балаларға қолдау көрсетілетіні туралы үкімет отырысында да баса айтылған болатын-ды. Сонымен қатар «Білімді бала», «Дені сау бала», «Жайлы мекен», «Отбасы – қауіпсіз мекен», «Жетімсіз ел», «Бала қорғау», «Balatime» атты балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында арнайы жұмыстар жоспарға қойылған. Ал балалардың сапалы білім алуына, интеллектуалды дамуына «Мектеп парламенті», «Оқитын мектеп», «Дебаттар» жобасы дайындалып, республикалық деңгейде өткізілу жоспары қарастырылған.

Тағы бір айтарымыз, балалардың рухани жағынан дамуына мемлекеттің бастамасымен жеке азаматтар да атсалыса бастады. Осы орайда, зейнеткер-педагог Раиса Үмбетбаеваның алдағы уақытта балалар жылына қатысты «Бесік жыры» іс-шарасын өткізетінін айта кеткеніміз жөн. Бұл туралы Раиса Үмбетбаева тілшімізбен болған әңгіме барысында айтып қалды.

 «2022 жыл балалар жылы болып белгіленгенді. Осы жылдың балалар жылы болғанына қуаныштымын. Балаларға, келешек ұрпаққа қатысты ойлансақ, мәселе жетіп артылады. Соның ішінде, ұлттық тәрбиені айтсақ, бүгінгі балалар ұлттық тәрбиені қаншалықты бойына сіңіріп өсіп жатыр. Кешегі ата-әженің жастарға айтар үлгісі мен ғибраты мол еді. Бірақ сол ата-әжелердің институтынан қол үзіп қалғандаймыз. Бұл мәселе жайында батыр атамыз Бауыржан Момышұлының: «Біріншіден, бесік жырын айтпайтын келіндердің азайып бара жатқандығынан қорқамын. Екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын. Үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын», – деген даналық көрегендігі бүгінгі әжелерді ойландыруы керек. Сол себепті, Балалар жылы мен1 маусым Балаларды қорғаудың халықаралық күніне орай, Алматы қаласы бойынша әжелер арасында «Бесік жыры» байқауын өткізуді жоспарлап отырмын», – дейді Раиса Үмбетбаева.

Айта берсек, Балалар жылында атқарылған әлі де атқарылатын іс-шаралардын легі осындай. Дегенмен де балаларға қамқорлық тек бір жылдың аясында ғана қалып қоймай, жылдан-жылға жалғасып отырса, деген үмітіміз де зор.  

Тегтер: бала ана тәрбие үйірме шара

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01