Балаларды жаппай вакцинациялау үшін жақын арада мектептерге қайтара ма?

Сайт әкімшілігі

07.12.2020, 09:23

909

Қазнетте оқушыларды мектепке қайтару туралы хабарламалар талқылануда. Бірақ мақсат – оқу процесін жақсарту емес, жаппай егу және жыныстық сауаттылықты үйрету. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды,-деп хабарлайды «Жас Алаш»stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 

Жыл соңына дейін дәстүрлі оқыту форматына толық көшу туралы мәселе қаралып жатқан жоқ.

– Желтоқсан айында эпидемиологиялық жағдайды қадағалайтын боламыз. Соған байланысты балаларды мектепке қайтару туралы мәселе көтеріледі. Әзірге ол қарастырылып жатқан жоқ. Өйткені кейбір аймақтарда жағдай күрделі. Қалай болғанда да, дәстүрлі оқуға оралу тек эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады, – деп хабарлады Комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Қазақстанда оқушыларды жаппай мәжбүрлі вакцинациялау да жоспарланбаған. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске сәйкес, Қазақстан Республикасының кез келген азаматы «емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық екпелер жасауға хабардар етілген келісім беруге немесе бас тартуға» құқылы.Қазақстандық мектептерде «жыныстық тәрбие» немесе «репродуктивті денсаулық» пәндері жоқ. Білім және ғылым министрлігі оларды бағдарламаға енгізуді жоспарлап отырған жоқ.

Тегтер: медицина біліктілік. коронавирус індет қауіп қатер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 15:03
Желтоқсан оқиғасына арналған тағы бір кітап жарық көрді
Бифат ЕЛТАЕВА 20.05.2022, 08:17
Ауыл балаларына мүмкіндіктер көп қарастырылу қажет
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 07:51
«Сен менімен «служить» етпейсің!»
Сайт әкімшілігі 19.05.2022, 15:09
Партияның ауқымды электораты референдумды қолдауы керек – Е.Қошанов
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 19.05.2022, 08:40
Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
Сайт әкімшілігі 18.05.2022, 12:15
Ташкентке Алматыдан пойыз қатынайды

Аңдатпа


  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20
  • Қонаев кімнен кем, кімнен артық еді?
    18.05.2022, 06:17