Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда

Бифат ЕЛТАЕВА

24.05.2022, 15:15

799

Биыл балаларды қолдау жылына орай елімізде көптеген тегін үйірмелер ашылып жатыр. Әсіресе балалар спортына ерекше ден қойылған.

Баланың рухани жан-дүниесінің дамуынан бөлек дені сау болып, физикалық тұрғыда дамып, өсуі ең басты мәселе. Соған байланысты елімізде – домбыра, сурет, шахмат үйірмелерін ашудан бөлек, түрлі спорт залдары мен үйірмелердің ашылуы маңызды жолға қойылған. Осы орайда, Алматы қаласында балаларды қолдау жылына қатысты көптеген үйірмелер ашылды. Мәселен, «Жас қаламгер» мектебі, «Достық», «Шабыт» сынды шығармашылық орталықтары жұмыстарын бастап кетті. Соның бірі Біржан Алтынбекұлының басқаруымен ашылған «Талаптан» спорт клубы өз жұмысын бастап кетті. Оның айтуынша, спорт үйірмесіне келетін балалардың саны күн санап өсіп келеді.

Үйірменің ашылғанына ай болса да, бізге келетін балалардың саны күн санап артып келеді. Қандай үйірмелер бар дегенге келсек, еркін күрес, шахмат, каратэ, дзюдо спорт түрлері бар. Әр топта 10-15 баладан оқиды. Спорт клубын ашқаныма өкінбеймін. Себебі, баланы жастай спортқа баулып өсірсек, ертеңгі күні елімізде мықты, өз-өзіне сенімді балалардың көбейетіндігі анық. Және де спортпен айналысып өскен бала ертеңгі күні Отанға, елге деген патриоттық сезімдері оянатыны анық. Сол себепті, спорт үйірмесін тоқтатып тастамай, жалғасын табуына бар күшімді саламын.  Ендігі мақсат – балалар әбден шынығып, жаттыққаннан кейін қалааралық, халықаралық спорт жарыстарына қатыстыруға тырысамын деген үмітім бар. Әзірге келуші балалар спорт түрлерімен нақты танысып алсын. Мемлекетке де қаржы жағынан көмектескеніне алғысым зор, – дейді үйірме басшысы.

Спорт үйірмелері демекші, өңірлердегі мемлекеттік тапсырыс аясында ашылған спорт секцияларына тоқталсақ, балаларды қолдау жылында Сыр балаларға арналған спорт кешендері ашылды. Онда таэквандо, шахмат, дзюдо, қазақ күрес түрлерінен арнайы сабақтар өткізіледі. Бұл жайында үйірме кері Нұрбол Ескен «Негізінде сыр өңірінде балаларға арналған спорт секциялары өте көп. Әлі де көптеп ашылса, артық етпейді. Себебі, қазіргі таңда балалардың көбісі смартфонмен уақыттарын өткізеді. Ал біз олардың уақыттарының тиімді, пайдалы өтуіне жағдай жасаймыз. Әзірге біздің үйірмемізде 120-ға жуық балалар мен жасөспірімдер қатысады» дейді.

Жалпы Сыр өңіріндегі спорт секциялары алдағы уақыттарда да ашылуы жоспарланған. Мәселен, келесі үйірмелер Тереңөзек, Мұратбаев, Сырдария аудандарында ашылу жоспарланған.

Ал Солтүстік Қазақстанда 13 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен 11 спорт түрінен 17 секция ашылғандығын айта кеткеніміз жөн. Оған алты мыңнан астам бала тегін спорт секцияларына қатыса алады. Бұл жөнінде «Аманат» партиясы филиалы жанындағы білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесте дене шынықтыру және спорт басқармасының міндетін атқарушы Асылбек Әлдименов мемлекеттік тапсырыс аясында үш мыңға жуық бала тегін секцияларға қатысып жүргендігін айтқан болатын. Және ол «Жыл соңына дейін 6 мың балаға жеткізу жоспарда бар. Өңірде 4 жастан 17 жасқа дейін 106 мыңнан астам бала бар. Оның ішінде – БЖСМ және дене шынықтыру клубтары, мектеп секциялары қызметінің есебінен 45,7 мың бала тегін спорттық сабақтарға қатсыуға мүмкіндік алды. Бюджеттен бұл мақсатта шамамен 4 миллиард теңге бөлінді» – дейді маман. Сонымен қатар алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі балаларға суда жүзу мен ат спорты сабақтарына тегін қатысуға мүмкіндіктер қарастырылғанында тілге тиек етті.

Сондай-ақ балалар спортында мектеп оқушылары спартакиадасы да жиі өткізіліп тұрады. Бұл республиканың барлық өңіріндегі мектеп оқушыларының арасында жүйелі түрде өткізілуде. Атап айтсақ, спартакиада ережесіне сәйкес, қол күрес, гір көтеру, баскетбол, гандбол, шағын футбол, волейбол түрлерінен өткізіліп тұрады.

Ал Қазақстан бойынша спорт түрлерінің әлі де көптеп ашылуына жағдайлар жасалынып келеді. Бастысы, баланың спортқа деген қызығушылығын арттырсақ, келешекте әлем чемпионы болар балалардың шығатынына сеніміз мол. Мемлекет тарапынан биылғы «Балалар жылында» балалар спортын қолдауда айтарлықтай жұмыстар атқарып келеді.

Тегтер: бала ана тәрбие үйірме шара

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлия ТАУКЕНОВА 24.06.2022, 12:50
Мерғалиға ауылдың бір көшесін неге қимадық?
М.СӘУЛЕБЕК 23.06.2022, 16:40
Түркістан медицинасы үздіктердің қатарында аталды
М.СӘУЛЕБЕК 22.06.2022, 16:50
Мегаполис атанған Шымқалада не өзгерді?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.06.2022, 11:00
Флораға жұтаң Қарағанды шөлейттегі шаhар ма?
М.ЖӘНІБЕКҰЛЫ 22.06.2022, 08:36
Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 21.06.2022, 11:40
«Билайн» балаларды неге соттайды?

Аңдатпа


  • Қазақстан азаматтығын тарату – қылмыс
    23.06.2022, 09:23
  • «Тойсаңдар, тоба қылыңдар»...
    23.06.2022, 09:20
  • Ертең «мың ұлысты Қазақстан» боп тұрмайық
    23.06.2022, 09:11
  • Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
    22.06.2022, 08:36
  • Тоғжановтың қиялы...
    22.06.2022, 08:33